Алеуметтану тероиясы indb


Марксистік теорияның дамуы



Pdf көрінісі
бет180/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   596
Марксистік теорияның дамуы 
1900 жылдардан бастап 1930 жылдарға дейін марксистік теория әлеуметтану 
теорияларының негізгі легінің ішінде, сыни мектептің немесе ертеректегі ге-
гельдік марксизмнен бөлініп шыққан Франкфурт мектебінің пайда болуын 
санамағанда, тәуелсіз түрде дамып келді.
Марксистік теорияны дамыту мектебінің ең сәтті еңбектерінің бірі Феликс 
Дж. Вейльдің туындылары еді. Әлеуметтік зерттеу институты 1923 жылдың
3 ақпанында Германияның Франкфурт қаласында ресми түрде қалыптасты 
(Jay, 1973; Wheatl and, 2009; Wiggershaus, 1994). Соңғы жылдары марксистік 
көз қа расты қорғаушылардың көбі сыни мектеппен тығыз байланыста болды: 
Макс Хоркхаймер (Shlulz, 2007а), Теодор Адорно (Shlulz, 2007b), Эрих Фромм
(N. МcKLaghin, 2007), Герберт Маркузе (Dandaneau, 2007а) және жаңадан та-
нымал болып келе жатқан Юрген Хабермас пен Аксель Хоннет.
Институт Германияда 1934 жылға дейін қызмет атқарып тұрды, алайда ел-
дегі әсіреұлтшыл тәртіп кесірінен жұмыс істеу өте қиынға соқты. Әсіреұлт-


230
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
шылдар арасынан марксистік идеяны қорғайтын адамның табыла қоюы екіта-
лай еді, өйткені оны қолдаушылардың көбі еврей болатын. 1934 жылы институт 
басшысы Хоркхаймер Нью-Йоркке келіп, осы ғылыми орталықтың болашағы 
жөнінде Колумбия университетінің президентімен өзара пікір алмасты. Инс-
титут уни верситетпен біріктіріліп, оған кампус территориясынан жеке ғимарат 
ұсын ған да, Хоркхаймердің таңданысында шек болмады. Осылайша, марксистік 
теория орталығы капиталистік әлем орталығында орналасты. Институт соғыс 
аяқталғанға дейін сонда жұмыс істеді, бірақ соғыстан кейін оның Германияға 
қайтып орнығуына қысым жасалды. 1949 жылы Хоркхаймер Германияға қай-
тып оралды, өзімен бірге институтты да ала келді. Институт Германияға көшке-
німен, оның қызметі көптеген аймақтарға ортақ болды.
Сыни теорияның қаншалықты маңызы бар екенін атап өткен жөн (Calhoun 
and Karaganis, 2001). Алғашқы жылдарда институтпен қатынасы барлар, әдетте-
гідей, дәстүрлі марксистер болды, олар көбінесе экономикаға көңіл бөлді. Алай-
да 1930 жылдары айтарлықтай өзгерістерден кейін осы ғалымдардың бірқатары 
экономикадан гөрі мәдениет саласына, яғни жаңа капиталистік қоғамда тегурінді 
күшке айналып отырған «мәдениет индустриясына» (Lash and Lury, 2007) назар 
аудара бастады. Бұл кезде капиталистік замандағы мәдениеттің рөлі шарықтаған 
еді. Осы тұста ертедегі Георг Лукач сияқты гегельдік марксистердің позициясы 
нығайып, кең қанат жайды. Мәдениет саласын тереңірек тану үшін сыни теория-
шылар Макс Вебердің еңбектеріне ден қойған болатын. Маркс пен Веберді бірік-
тіру арқылы олар «Веберлік марксизм»

(Dahms, 1997; Lowy, 1996) ұғымын туды-
рып, әлеуметтанушылар алдында сыни мектептің беделін өсірді, сөйтіп марксис-
тік теорияны жақтаушы лардың қызығушылығын оятуға септігін тигізді.
Сыни мектеп өкілдерінің тарапынан жасалған екінші маңызды шара – аме-
рикалық әлеуметтанушылар дамытқан әлеуметтік-ғылыми әдістердің қатаң 
алгоритмін марксистерді қызықтыратын сұрақтарды зерттеуге қолдануы бол-
ды. Бұл, веберлік теорияны қабылдау сияқты, негізгі әлеуметтанушылардың 
сыни мектепті қабылдауына жол ашты. 
Үшіншіден, сыни теорияшылар Вебер мен Маркстің еңбектерін қоғамдық 
және мәдени деңгейде фрейдтік теория арқылы тұлғалық бағыттың бірігуіне 
күш салды. Бұл көптеген әлеуметтанушылар, Маркс пен Вебердің жеке ұсын-
ған теорияларына қарағанда, барлық жағынан қамтылған кең ұғымды теория 
болып қабылданды. Бұл интеллектуалдар қабылдауға қарсы болған біраз тео-
рияларды біріктіруге итермелеуші күш болды.
Сыни мектеп 1920 жылдардан бері пайдалы үлкен ауқымды жұмыстар ат-
қарды, көбінесе бұл әлеуметтанушылар үлесіне тиесілі. Бірақ сыни мектепке 
1960 жылдардың аяғын «күтуге» тура келді, себебі содан кейін ғана америка-
лық теорияшылар бұл мектептің маңызын түсініп, мойындаған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет