Алеуметтану тероиясы indb


Ғасырдың ортасына дейінгі әлеуметтану теориясы



Pdf көрінісі
бет176/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   596
Ғасырдың ортасына дейінгі әлеуметтану теориясы 
Гарвардтың өркендеуі, Шырмауық лигасы және
 
құрылымдық функционализм 
Гарвардтағы әлеуметтанудың өрлеуін сол жерге 1930 жылы Питирим Соро-
киннің келуімен байланыстырамыз (Avino, 2006; Jeffries, 2005; Johnston, 1995). 
Сорокин Гарвардқа келгенде әлеуметтану бөлімі болмаған еді, бірақ ол келген 
жылдың аяғына қарай осы бөлім ұйымдастырылып, Питирим Сорокин оның 
меңгерушісі болып тағайындалды. Сорокин – әлеуметтанушы теорияшы, 
1960 жылдарда еңбектері кең тараған, алайда, ең қызығы, бүгінде олар сирек 
еске алынады. Дегенмен кей ғалымдар (Tiryakian, 2007) бұл оймен келіспей-
ді, бірақ қарсыластарының басым көпшілігі оның еңбектері уақыт сынына 
төтеп бере алмады деп түсіндіреді. Сорокиннің Гарвардта әлеуметтану бөлі-
мін ашып, Толкотт Парсонсты (ол Гарвардта экономика бойынша оқытушы


225
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Уильям Эдвард Беркхардт Дюбуа 1868 жылы
23 ақ панда Массачусетс штатының Грейт Барринг-
тон қа ласында дүниеге келген (D. Lewis, 1993). Өз 
зама нының қара нәсілділерімен салыстырғанда 
Дюбуа ның отбасы ауқатты болды, соның арқасын-
да Фиск университетінде оқып, Берлин универси-
тетінде аз уақыт білімін жетілдіріп, кейін Гарвард 
универ ситетінде докторлық дәреже алды. Гарвард 
универ ситетінің докторлық дәрежесіне қол жет-
кізгеніне қарамастан, Дюбуа Германиядағы екі 
жылдық оқуын ең маңызды тәжірибе деп бағала-
ған. Германияда жүргенде ол өмірінде бірінші рет 
өзін стигма және америкалық нәсілдік дискрими-
нациялы қарым-қатынастан еркін екенін ұғынды. 
Ол неміс тілінде сөйлеп үйренді, неміс поэзиясы-
на қызықты, махаббат сезімі де болды. Кейінірек 
ол өзін «әлемнің дамуындағы» «өз нәсілін көтер-
мелеу үшін жаралған» тағдыры бөлек адаммын 
деп санады (Du Bois quoted in D. Lewis, 1993:135).
Дюбуа еңбек жолын алғаш рет грек және латын 
тілдерін оқытушы ретінде қара нәсілділерге арнал-
ған колледжде бастады («Wilberforce»). Ол: «Мен әлеуметтануды өзімнің бос уақытымда оқытуды 
ұсынсам да, осы колледж әлеуметтанудың болмағанын қалады», – деп айтқан (Du Bois, 1968:189). 
Дюбуа 1896 жылы Пенсильвания штатының университетінде оқытушы ассистенті қызметіне Фи-
ладельфиядағы қара нәсілділерді зерттеу мақсатында қабылданған еді. Осы зерттеу ерте кезеңгі 
әлеуметтанудың классикалық еңбектерінің бірінің жарық көруіне себепші болды. Жоба аяқтал-
ғанда Дюбуа Атлантаға көшіп кеткен еді (оның Пенсильванияда тұрақты факультеттегі жұмысы 
болмаған, тағы сол сияқты көп нәрселер оның көңілінен шықпайтын). Атланта университетінде 
әлеуметтанудан 1897 жыл мен 1910 жыл аралығында сабақ берді және Атланта университеті-
нің әлеуметтану зертханасының дамуында шешуші рөл атқарды (A. Morris, 2015; Wright II, 2002). 
Атлантада Дюбуа жыл сайынғы конференцияға жетекшілік етті. Ол конференциялар нәтижесін 
зерттеушілерді қара нәсілділердің қалалық тәжірибесін зерттеуге және осы тақырыптың шеңбе-
рінде құнды мақалаларды шығару үшін біріктірді. Сонымен қатар осы кезеңде ол бірінші және 
ең маңызды The Souls of Black Folk («Қара халықтың жандары») атты автобиографилық естелігін 
жариялады ([1903] 1996). Ол өте әдеби көркем әрі терең мағыналы еңбек болды, сондай-ақ негізгі 
теориялық тұжырымдамаларды кіргізді, нәсіларалық қатынастар мен қара түсті америкалықтар тү-
сінігінің дамуына үлес қосты. Дюбуа өз өмірінде бірнеше автобиографиялық еңбектер қалдырды, 
оның қатарында: Darkwater: Voices From Within the Veil («Қара су: дауыл ішіндегі дауыстар») ([1920] 
1999), Dusk of Dawn: An Essay Toward an Autobiography of a Race Concept («Қараңғылық: Нәсілдік 
тұжырымдама өмірбаянына арналған эссе») ([1940] 1968) және Autobiography of W.E.B. Du Bois:
A Soliloquy on Viewing My Life From the Last Decade of its First Century («W.E.B. Du Bois өмірбаяны: 
Өмірімді ғасырымның соңғы онжылдығынан көргендегі менің монологім») (1968). «Қараңғылық: 
Нәсілдік тұжырымдама өмірбаянына арналған эссе» еңбегі туралы Дюбуа былай дейді (1968:2): 
«Менің мақсатым тек өзімнің автобиографиямды емес, менің ойымда анық, терең және сөзсіз бұр-
маланған нәсіл тұжырымдамасының автобиографиясын жазу болды».
Атланта университетінде жүрген кезінде Дюбуа, көбірек танымал әрі саяси қызмет атқарды. 
1905 жылы оны Нью-Йоркте Буффалоның жанындағы жиналысқа шақырды және сонда сөз 
сөйледі. Жиналыс нәтижесінде «адамның нәсілі мен түсіне байланысты барлық касталық айыр-
машылықтардан бас тарту» мәселесін көтеретін нәсіларалық азаматтық құқықтар жөнін дегі 
Ниагара қозғалысы құрылды (Du Bois, 1968:249). Көп өтпей осы негізде қара нәсілді халықтың 
прогресі Ұлттық ассоциациясы National Association for the Advancement of Colored People (NAACP)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет