Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет228/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   596
Әлеуметтік стратификация. Коллинз әлеуметтік стратификацияға көңіл ау-
даруға тырысты, өйткені ол өмірдің салаларын барынша қамтитын институт, 
атап айтқанда: «байлық, саясат, мансап, отбасы, клубтар, қауымдас тық тар, өмір 
сүру бейнесі» (1975:49). Коллинздің көзқарасы бойынша, стра тифи кацияның 
белгілі теориялары – «сәтсіздік». Ол марксистік теорияны «мульти каузальды 
әлемді монокаузальды түсіндіру» деп сынады (R. Collins, 1975:49). Ол Вебер 
теориясын екі атақты теорияның ерекшеліктерін салыстыру үшін «жүйеге қар-
сы» деп қарағаннан да әлдеқайда маңызды деп бағалады. Вебердің талдаулары 
Коллинз үшін өте пайдалы болды, әйтсе де «феноменологиялық әлеуметтану-
дың барлық ұғымдарды өмірдің әр мезетінде бақыланатындай етіп негіздеуі» 
(R. Collins, 1975:53) мейлінше маңыздырақ еді. Бұл оның зерттеуінде әлеу-
меттік стратификацияның ірі масштабты емес, шағын масштабты болып кө-
рінуімен де байланысты. Оның пікірінше, әлеуметтік стратификация басқа да 
әлеуметтік құрылымдар сияқты күнделікті өмірде адамдардың бір-бірімен үлгі 
бойынша қақтығысуына негізделеді дегенге келіп тіреледі.
Микроәлеуметтік стратификацияның тікелей жақтаушысы болғанына қа-
рамастан, Коллинз өз жұмысында Маркс пен Вебердің кең ауқымды теория-
ларына сүйенді (тіпті оларға қатысты бірқатар ескертуі болса да). Ол «белгілі 
бір өзгерістер арқылы стратификацияның конфликт теориясының негізін жа-
сауға болады» деп тұжырымдай отырып, марксистік принциптерден нәр алады
(R. Collins, 1975:58).
Біріншіден, Коллинздің айтуынша, Маркс материалдық жағдайларды қа-
зіргі қоғамда өмір сүру үшін ақша табуға бағытталған, адамның тіршілік етуі-
нің басты құралы деп есептейді. Өмір сүру үшін ақша табудың негізі – Маркс 
үшін адамның жекеменшікке қатынасы. Кімнің қолында жекеменшік бар не-
месе оған бақылау жүргізе алады, сол мұндай мүмкіндіктері жоқтармен және 
өзінің жұмыс уақытын өндіріс құралдарына қол жеткізу үшін сатуға мәжбүр 
болғандармен салыстырғанда, өз өміріне қанағаттанарлық жолмен көбірек 
ақша таба алады.
Екіншіден, Маркстің көзқарасы бойынша, материалдық жағдайлар адамдар-
дың өз өміріне қажетті ақшаны қалай табатынына ғана емес, сонымен қатар түр-
лі таптардағы әлеуметтік топтардың табиғатына да әсер етеді. Үстемдік етуші 
әлеуметтік тап бағынышты әлеуметтік тап пен әлеуметтік топтардың дамуына 
ықпал жасайды.
Ақырында, Коллинздің тұжырымдауынша, Маркс әлеуметтік таптардың 
арасында мәдени жүйеге қолжетімдігі жағынан да қалыптасқан сим воликалық 
және идеологиялық жүйелерді дамыта отырып, оларды төменгі әлеуметтік тап-
тарға міндеттейді. Төменгі әлеуметтік таптар нашар дамыған символикалық жү-
йелерге ие, олардың көбі билік өкілдеріне жүктелуі мүмкін.
Коллинз Веберге Маркстің жіктелу теориясын әрі қарай дамытушы деп 
қарайды. Бір жағынан, айтылып жатқандай, Вебер көпқырлы стратификация


292
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
жүйесіне (мысалы, тап, мәртебе және билік) алып келетін конфликтілердің әрқи-
лы түрлерінің өміршеңдігін мойындайды. Екінші жағынан, Вебер жоғары деңгей-
дегі ұйым теориясын дамытты, мұны Коллинз мүдделер конфликтісінің тағы бір 
алаңы деп есептеді. Вебердің мемлекетке зорлық құралын бақылаушы агенттік 
ретінде қарап, өзінің назарын экономикадағы конфликтілерден (өндіріс құралда-
ры) мемлекеттегі конфликтілерге аударуы Коллинз үшін маңызды жаңа лықтың 
бірі болып көрінді. Ақырында, Вебердің әлеуметтік саланың эмо ционалды жақта-
рын, әсіресе дінді терең түсінуі Коллинзге зор ықпал етті. Конфликт бұл алаңда 
міндетті түрде болуы ықтимал және ол эмоционалдық әрекет, басқа да әрекеттер 
сияқты әлеуметтік конфликтілерге құрал ретінде қолданылуы мүмкін. 
Стратификацияның конфликт теориялары. Осы орайда, Коллинз марк сис тік 
және веберлік теорияларға қарағанда феноменологиялық және этномето доло-
гиялық теориялармен ұқсастықтары көбірек жіктелу теориясын талдауда өзінің 
конфликт тәсіліне жүгінді. Коллинз бірқатар болжамдар жасады. Адамдар әлеу-
меттік қатынастарда ажырамастай көпшіл, сонымен қатар конфликтіге ерекше 
бейім болып келеді. Конфликт ықтимал түрде әлеуметтік қатынастарда туын-
дап отырады, өйткені «күшпен көндіру» барлық уақытта бір адаммен немесе көп 
адаммен өзара әрекеттестікке түсу барысында қолданылады. Коллинздің пікі-
рінше, адамдар өздерінің «субъективті мәртебесін» максималды етуге тырысады 
және мұны жасау олардың ресурстарына, сонымен қатар олар кіммен байланыс-
са, солардың ресурстарына тәуелді. Ол адамдарды пайдакүнем көреді, осылай-
ша, конфликт қалай да болуы тиіс құбылыс, өйткені мүдделер жиынтығы мәні 
жағынан антогонистік болып келеді.
Стратификациядағы бұл конфликт тәсілі үш негізгі принципке негізделеді. 
Біріншіден, Коллинз адамдарды өздері жасаған субъективті әлемде өмір сүреді 
деп есептеді. Екіншіден, басқа адамдар жеке адамның субъективті тәжірибесіне 
әсер ету немесе тіпті оны бақылау құқығына ие болады. Үшіншіден, басқа адам-
дар көбінесе өздеріне қарсы шығатын адамдарды бақылауға тырысады. Нәтиже-
сінде тұлғааралық конфликтіге ұласуы ықтимал.
Осы тәсіл негізінде Коллинз конфликтіні талдаудың бес принципін жасап, 
оларды әлеуметтік стратификацияға қолданды. Алайда оның көзқарасынша, бұ-
ларды қоғамдық өмірдің түрлі салаларында қолдануға болады.
Біріншіден, Коллинз конфликт теориясы абстракті тұжырымдарға емес,
шынайы өмірге көңіл аударуы тиіс деп есептейді.
Бұл сенім, бәлкім, оның құрылымдық функционализмнің абстракциясымен 
салыстырғанда марксизмнің материалдық талдауына көбірек жүгінетінін бей-
нелейтін болар. Коллинз бізді адамдардың әрекетін, жануарлар секілді, қауіп тен 
қашып, пайдаға ұмтылып, өз тілектерін қанағаттандыру үшін жаса латын түрлі 
айла-тәсіл деп бағалауға шақырады. Дегенмен айырбас және рационалды таңдау 
теорияшыларынан бір айырмашылығы – Коллинз адамдарды толық рационал-
ды деп есептеген жоқ, өйткені адам өзін қанағаттандыру барысында эмоцияға 
төтеп бере алмай, әлсіздік танытады.
Екіншіден, Коллинздің пікірінше, стратификацияның конфликт теориясы 
өзара әрекеттесуге әсер ететін материалдық механизмдерді зерттеуі тиіс. Қа-
тысушыларға «физикалық орын, араласу тәсілдері, қаруды жеткізу, қоғамдық 
әсерді жеткізу үшін қондырғылар, құралдар, тауарлар» сияқты материалдық 
факторлардың әсер етуі мүмкін болғанмен (R. Collins, 1975:60), акторлардың 
бәрі бірдей бір қалыпты өзгеріске ұшырамайды. Негізгі айнымалы – түрлі


293
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
акторларға тиесілі ресурстар. Көбірек материалдық ресурстарға ие акторлар 
қарсы шығуы немесе бұл материалдық шектеулерді өзгертуі мүмкін. Дәл осы 
уақытта кімде ресурс аз болса, олардың ойлары мен іс-әрекеттері материалдық 
күйімен ерекшеленуі ықтимал.
Үшіншіден, Коллинздің тұжырымдауынша, топтардың теңсіздігі жағда-
йында ресурстарды бақылайтын топтар ресурсы жоқ топтарды пайдалануға 
тырысуы мүмкін.
Осындай жағдайда пайда көретіндер саналы түрде есепті қажет етпейтінін 
көрсетіп, сақтық жасайды; дұрысы, қанаушылар тек өздерінің ойынша тиімді 
болатын мүдделерді көздейді. Процесс барысында олар ресурсы жоқтарды пай-
далануы мүмкін.
Төртіншіден, Коллинз конфликт теорияшысының мүдделер, ресурстар және 
билік тұрғысынан сенім және мұрат сияқты мәдени құбылыстарды қарастыруы 
дұрыс деп есептеді. Ресурстары бар мұндай топтар, сәйкесінше, билікте өзде-
рінің идея жүйелерін бүкіл қоғамға міндеттеп қоюы әбден мүмкін. Ресурстары 
жоқ адамдарда да өздеріне жүктелген идея жүйесі бар.
Ақырында, Коллинз стратификацияны және әлеуметтік өмірдің басқа да ас-
пектілерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге ден қойды. Осылайша, ол бірқатар ке-
ңес тер берді: әлеуметтанушылар стратификацияны теорияшылыққа салынбай, 
эмпирикалық тұрғыдан, мүмкін болса, салыстыру арқылы зерттеуі қажет. Гипо-
тезалар салыстырмалы зерттеулер арқылы эмпирикалық түрде тексеруден өткі-
зіліп, тұжырымдалуы тиіс. Сонымен әлеуметтанушы әлеуметтік құбылыстар-
дың себептерін, атап айтқанда, әлеуметтік мінез-құлықтың түрлі формаларын 
іздестіруі керек.
Мұндай ғылыми міндеттеме Коллинзді конфликт пен қоғамдық өмірдің түр-
лі нақты аспектілері арасындағы өзара байланыс туралы кең көлемді ұсыныстар 
жасауға алып келді. Бұл жерде біз Коллинздің конфликт теориясымен оқыр-
манды аз да болса таныстыру үшін кейбір тұжырымдарын ғана ұсынамыз.
1.0. Тәжірибе алмасу және тапсырыстарды қабылдау – жеке көзқарастар 
мен мінез-құлықты анықтаушы негізгі факторлар.
1.1. Адам неғұрлым бұйрық берген сайын тәкаппар, өзіне сенімді бола тү-
седі, ресми және ұйымдастыру мақсатындағы іс-әрекетін көбінесе бұйрық 
берумен шектейді.
1.2. Адам неғұрлым бұйрықтарды орындаған сайын бағынышты бола бе-
реді, көнбіс, ынтасыз, кіріптар, басқаларға сенбейді, марапат күтеді және 
әдепсіз.
(R. Collins, 1975:73–74)
Басқалармен салыстырғанда, бұл тұжырымдардың барлығы Коллинздің 
әлеуметтік конфликтілердің шағын масштабтағы көріністерін айқындауда ғы-
лыми-зерттеуге сүйенгендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет