Алеуметтану тероиясы indb


Әлеуметтануға сын-пікірлер



Pdf көрінісі
бет239/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   596
Әлеуметтануға сын-пікірлер. 
Әлеуметтану өзінің «сциентизмі» үшін қатаң 
сынға ұшырады, себебі ғылыми әдісті өзіндік мақсатқа айналдырып отырды. 
Сонымен қатар әлеуметтануды «статус-квоны» қабылдайтынына байланысты 
да айыптайды. Сыни мектеп әлеуметтануды шынайы түрде қоғамды сынамай-
ды және қазіргі әлеуметтік құрылым шегінен шығуға тырыспайды деп сенді-
реді. Әлеуметтану, сыни мектеп өкілдерінің ойынша, қазіргі заманғы қоғамда 
жабырқаған адамдарға көмектесу міндетінен бас тартқан.
Сыни мектеп әлеуметтанушыларды өз назарын қоғамдағы жеке индивид-
терге емес, жалпы қоғамға салатынын сынайды, оларды индивидуум мен қоғам 
арасындағы өзара қарым-қатынасты ескермейтіні үшін айыптайды. Әйтсе де 
әлеуметтанулық бағыттардың көпшілігі бұл кемшіліктер үшін кінәлі емес дейді
алайда бұл пікір сыни мектептің әлеуметтанушыларды ішінара орынсыз айып-
тайтынына бір мысал бола алады. Әлеуметтанушылар жеке тұлғаны елемей-
ді, соның салдарынан олар «әділетті және адамгершілікті қоғамға» (Frankfurt 
Institute for Social Research, 1973:46) алып келе алатын саяси өзгерістерге бай-
ланысты ешқандай маңызды нәрсе айта алмайды деп санайды. Золтан Тардың 
пікірінше, әлеуметтану «сынның және жаңарудың жеделдету құралы болудың 
орнына, өмір сүруші қоғамның ажырамас бөлігіне айналуда» (1977:x).
Қазіргі қоғамға сын-пікірлер.
Сыни мектептің көптеген еңбектерінде қазіргі 
заманғы қоғам мен оның құрамдас бөліктеріне қатысты сын айтуға талпыныс 
байқалады. Егер ерте марксистік теориялардың көпшілігі экономикаға бағыт-
талған болса, сыни теория мектебі қазіргі капиталистік қоғам болмысына ден 
қойып, мәдениет саласына қызығушылық таныта бастады. Қазіргі әлемде бас-
ты назар экономикадан мәдениет саласына ығысқанын байқаймыз. Әлі күнге 
дейін сыни теория мектебі үстемдікке

құлшыныс танытып келеді, алайда қа-
зіргі әлемде экономикалық элементтерге қарағанда мәдени элементтер ба сым-
дық көрсетеді. Осылайша, сыни мектеп қазіргі қоғамдағы адамды мәдени реп-
рессиялауға бағытталады.
Сыни мектеп өкілдерінің көзқарастары тек қана Маркс теориясының не-
гізінде қалыптаспаған, сонымен қатар Вебер теориясының ықпалы бар, мұны 
заманауи әлемдегі рационалдыққа деген айрықша ықыластан көруге болады. 
Шындығында, бұл бағытты жақтаушыларды «веберлік пайымдаудағы марк-
систер» (Dahms, 1997; Lowy, 1996) деп жиі атайды. Трент Шройер (1970) 
көрсеткендей, сыни теория мектебінің көзқарасы бойынша, қазіргі қоғамда 
рационалдықтан туындаған қысым (repression) басым әлеуметтік мәселе ретін-
де экономикалық қанаушылықтың орнын басты. Сыни теория мектебі Вебер-
дің формалды рационалдық пен субстантивті рационалдық арасында жасаған 
дифференциациясын, яғни сыни теория жақтаушылары сана деп қарастырған 
ұғымды қабылдаған. 


307
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
Сыни теорияшылар: формалды рационалдық алға қойылған қандай да бір 
мақсатқа қол жеткізудің барынша эффективті жолдарына көңіл бөлмейді дейді 
(Tar,1977). Бұл «технократтық ойлау» ретінде қарастырылады, оның мақсаты 
адамдарды үстемдіктен босату емес, керісінше, оның құралы ретінде қызмет ету 
болып табылады. 
Сыни теория өкілдерінің ойынша, технократтық ойлау – санаға қарама-қар-
сы құбылыс және ол қоғамға үміт береді. Сана адамның әділеттілік, бей бітшілік, 
бақыт секілді негізгі құндылықтарына сәйкес құралдарды бағалауды көздейді. 
Сыни мектеп, жалпы алғанда, нацизмді және әсіресе концентрациялық лагерь-
лерді оның санамен тартысындағы формалды рационалдықтың мыса лы ретінде 
келтірген. Джордж Фридманның пайымдауынша: «Освенцим (Auschwitz) ра-
ционалды, дегенмен санасыз орын болды» ([1981:15]; see also Chapter 14 and the 
discussion of [Bauman, 1989]). 
Қазіргі өмірдің рационалды болып көрінгеніне қарамастан, сыни мектеп 
қазіргі әлемде иррационалдық басым деп санайды (Crook, 1995). Мұндай көз-
қарас «рационалдықтың иррационалдығы» деп аталуы мүмкін немесе, нақтырақ 
айтсақ, формалды рационалдықтың иррационалдығы. Гербер Маркузенің пікі-
рінше, рационалдықтың көрінісі ретінде ұсынылуына қара мастан, «қоғам жал-
пы алғанда иррационалды саналады» (1964:ix; see also Farganis, 1975). Рацио-
налды әлем индивидуумдар, олардың қажеттілігі мен мүмкіндіктеріне кедергі 
жасайтыны үшін иррационалды болып келеді; әлемде үнемі соғыс болу қаупі 
сақталады; қаражат мөлшерінің жеткілікті болғанына қарамастан, адамдар ке-
дейлік, басынушылық пен қанаушылық тауқыметін көріп, өздерін дамытуға 
мүмкіндіктері болмай өмір сүреді.
Сыни мектеп бірінші кезекте өз назарын формалды рационалдықтың бір 
түрі – заманауи технологияларға аударады (Feenberg, 1996). Маркузе (Marcuse, 
1964), мысалы, заманауи технологиялардың қатал сынаушысы бол ған, әсіресе 
технологияны ол капитализмде осындай жымысқы мақсатта қолданады дейді. 
Ол заманауи капиталистік қоғамда технологияны қолдану тоталитаризмге алып 
келеді деп есептеген. Шындығында, Маркузенің ойы бойынша заманауи техно-
логия индивидтерді сыртқы бақылаудың жаңа әрі эффективті, тіпті «ұнамды» 
әдістерінің пайда болуына алып келеді. Ең жақсы мысал ретінде, теледидарды 
халықты әлеуметтендіру және тыныштандыру үшін қолданылатынын келтіруге 
болады (басқа мысалдар жалпы спортпен және жыныстық қатынастың кең та-
ралуымен көрсетілген («pervasive exploitation of sex»)Маркузе қазіргі заманғы 
әлемде технология бейтарап деген оймен келіспеген, керісінше, ол технология-
ны адамдарға үстемдік жүргізудің оңтайлы құралы деп қараған. Технологияны 
бейтарап деп көрсету өте эффективті, бірақ шындығына келгенде, ол тәуелді 
етеді. Ол шынтуайтында даралықты жою үшін қызмет етеді. Заманауи техно-
логиялар актордың ішкі еркіндігін «басып алады және біржолата жоқ қылады». 
Нәтижесі, Маркузе айтқандай, «бірөлшемді қоғам» болады, онда индивидуум-
дар өзінің қоғам туралы сыни және жағымсыз ойлау қабілетін жоғалтады. Мар-
кузенің пікірінше, технологияның өзін емес, оның заманауи капиталистік қо-
ғамда қолданылуын жойғыш күш дейді: «Технология қаншалықты «мұнтаздай» 
болғанына қарамастан, үстемдік континуумын қолдайды және жаңғыртады. 
Мұндай байланысты еркін адамдардың қажеттілігі мен мақсатына бағын дыра-
тын революция арқылы ғана үзуге болады (1969:56). Маркузе, негізінен, техно-
логия өздігінен ешқандай мәселе туғызбайды және «мықты» қоғамды құру үшін 
оны қолдануға болады деген Маркстің ойын қолдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет