Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Мәдениетке сын-пікірлер



Pdf көрінісі
бет240/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   596
308
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Мәдениетке сын-пікірлер. 
Сыни теория өкілдері қазіргі заманғы мәдениет-
ті бақылайтын, «мәдениет индустриясы» деген атауды ұтымды пайдаланатын 
бюрократизацияланған, рационалданған құрылымдарды (мысалы, телевизия же-
лісі) біршама сынға алады. «Мәдениет индустриясына» деген қызығушылық, негі-
зінен, экономикалық базиске қарағанда, марксистік «қондырма (superstructure)» 
түсінігіне көбірек көңіл иландырады (Beamish, 2007b). Мәдениет индустриясы, 
әдетінше «жалпы мәдениет» деп аталатынды өндіруші, «бақыланатын... кенеттен 
емес, заттандырылған жалған мәдениет, шынайы затты емес» деп анықталады 
(Jay, 1973:216).
2
Сыни мектеп ойшыл өкілдерінің көп бөлігін осы индустрияға 
байланысты екі жағдай мазалады. Біріншіден, оның жалғандығы мазалады. Тео-
рияшылар мәдениет индустриясын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең 
және көп мөлшерде таралатын, сығымдалған ойлар жиынтығы деп санаған. Екін-
шіден, сыни теория жақтаушылары мәдениет индустриясының адамдарды ты-
ныштандырушы, үстемдік етуші және тұнжыратушы әсеріне бола мазасызданған 
(D. Cook, 1996; G. Friedman, 1981; Tar, 1977:83; Zipes,1994).
Дуглас Келлнер (Kellner, 1990) телевизияның сыни теориясын саналы түр-
де ұсынған. Дегенмен ол өзінің жұмысын франкфурттық мектептің шеңберінде 
қарастырса да, телевизиялық индустрия туралы нақтырақ тұжырымдама ұсы-
ну үшін басқа да марксистік теорияларға сүйенеді. Ол сыни мектепті «бұқара-
лық ақпарат құралдары саяси экономияны мұқият талдауды ескермегені және 
бұқаралық мәдениетті капиталистік идеология құралы ретінде қарастырғаны» 
үшін сынайды (Kellner, 1990:14). Сонымен қатар Келлнер теледидар мәдени 
индустрияның бір бөлігі деп корпоративті капитализммен және саяси жүйе-
мен байланыстырады. Сондай-ақ Келлнер теледидарды тұтас немесе келісіл-
ген ұжымдық күшпен бақыланады деп есептемейді, дұрысы, «экономикалық, 
саяси, әлеуметтік және мәдени күштер бәсекеге түсетін, жанжалды бұқаралық 
ақпарат құралы» деп санайды (1990:14). Осылайша, сыни теория дәстүріне 
сәйкес әрекет жасай отырып, Келлнер капитализм – толықтай басқарылмалы 
әлем деген көзқарасты жоққа шығарады. Дегенмен ол теледидарды демокра-
тияға, дарашылдыққа, еркіндікке қауіп ретінде қарастырған және ол қауіппен 
қалай күресуге болатыны туралы болжам (мысалы, аса демократиялық есеп 
берушілік, азаматтар үшін қатысу мүмкіндігінің көп болуы, теледидарда көпте-
ген таңдаудың болуы) айтқан. Осыған сәйкес Келлнер тар мағынадағы бір ғана 
сыни көзқараспен шектеледі және теледидар арқылы төнетін қауіппен күресу 
мүмкіндіктерін ұсынады.
Сыни мектеп, сондай-ақ «білім индустриясы» деп аталатын, білім өндірісіне 
(мысалы, университет және зерттеу институттары) қатысты құрылымға жата-
тын, біздің қоғамда автономиялы ахуалға ие болып келетін индустрияны қарас-
тырады және айыптайды. Автономия олардың алғашқы тағайындалу шегінен 
шығуға мүмкіндік берді (Schroyer, 1970). Олар өзінің қоғамдағы әсерін артты-
руға біржақты ден қойған деспоттық құрылымға айналды.
Маркстің капитализмді сыни талдауы оған болашаққа деген үміт сәулесін 
сыйлады, бірақ көптеген сыни мектеп өкілдерінен көңілі қалды және жағдай-
ды шешу жолының жоқтығына сендірді. Олар қазіргі заманғы әлемнің мәселе-
сі капитализм үшін айрықша емес деп санайды, жалпы, бұл оңтайландырылған 
қоғамға тән құбылыс. Бұл ойшылдар болашақты айқындайды, Вебердің тер-
миндері арқылы түсіндірсек, барынша рационалды құрылымдар «iron cage» 
(темір қапасы) түрінде және одан қашу мүмкіндігі бара-бара азая береді деп 
сендіреді.


309
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
Сыни теорияның көпшілігі (Маркстің бастапқы тұжырымдамасының негізгі 
массасы ретінде) сипаты бойынша сыни талдауды білдіреді. Сыни мектеп өкіл-
дерінің бірқатар позитивтік қызығушылықтарының бар болғанына қарамастан, 
сыни талдаулардың нәтижесіне жүгінсек, ол позитивті ықпал етудің орнына 
көбінесе сынайды. Мұндай бітпейтін негатив көбіне шамға тиіп, дау-дамайды 
өршітеді, сол себепті сыни теорияшылар сыни теорияның әлеуметтанулық тео-
рияға қосар үлесі шамалы екенін сезеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет