Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Мәдени сынның кейінгі дамуы



Pdf көрінісі
бет248/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   596
320
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Мәдени сынның кейінгі дамуы
Келлнер мен Льюис (Kellner and Lewis, 2007) Франкфурт мектебін «мәдени бет-
бұрыс» және мәдениеттану зерттеулерінің құрамдас бір бөлігі болып табыла-
тын «мәдени сынға» қатысты жұмыс дәстүрі ретінде қарастырады (McGuigan, 
2005; Storey, 2007). Франкфурт мектебі нақ осы дәстүрдің ұйыт қысы болғаны 
даусыз әрі мектеп қызметі Кант, Ницше, Маркс және Фрейд (басқалар) еңбек-
терінің негізінде өрістеп кең қанат жайды, ал кейінгі еңбегі, әсіресе «Бирмин-
гем мектебіне» (Birmingham school) байланысты ары қарай жалғасын тапты.
Атауынан көрініп тұрғандай, Бирмингем мектебі немесе Заманауи мәде-
ниеттану орталығы Біріккен Корольдіктегі Бирмингем университетімен тығыз 
байланысты (Barker, 2007). 1964 жылы іргесі қаланып, 1988 жылға дейін өмір 
сүрді. Ричард Хоггарт негізін салған орталық Стюарт Холлдың (Rojek, 2003, 
2005) басшылығымен мәдениеттану орталығы ретінде көптеген игілікті іс ат-
қарды (Rojek, 2003, 2005). Жоғары өнер мен элиталық таптарды өзгеше баға-
лайтын Англиядағы әдеби дәстүрден айырмашылығы – Бирмингем мектебі та-
нымал, мәдениетті, төл сипаттағы туындылар мен соларға байланысты төменгі 
таптарды жоғары бағалап, ерекше көңіл бөлді.
Сонымен қатар танымал мәдениет гегемониялық идеялар, әлеуметтік ба-
қы лау тетіктері ретінде жұмыс істейтін арена іспетті қарастырылды және, ең 
бастысы, марксистік перспектива қорғаштаған төменгі таптарға қарсы болды. 
Гегемониялық идеялар, келісімдер және қарсылық сияқты ұғымдар марксис-
тік теориямен бірге Бирмингем мектебінің негізін қалады, әсіресе оны Анто-
нио Грамшидің теориясынан айқын көруге болады (бірақ структурализм және 
семиотика оның кейбір жұмыстарына ғана әсер етті). Идеологиялық күрес 
барысында«органикалық зиялылар» шебінде ұйысқан (ең болмағанда, теория-
лық тұрғыдан жұмысшы таптың бөлігі болған ойшылдар) Бирмингем ғалым-
дарының мақсаты (әрдайым орындалмаса да) мәдениет өкілдеріне гегемония 
мен билікке қарсы күрес жүргізуге көмектесу болды. Осыған байланысты адам-
дар билік өкілдеріне қарсы контргегемониялық идеологиялық күрес жүргізеді. 
Сондай-ақ Бирмингем ғалымдары элита мүдделеріне қызмет ететін мифтерге 
толы көптеген идеологиялық мәтіндерді қиратуды өздеріне мақсат етіп қойды. 
Олар шынайы әлеуметтанушылар болмады, керісінше, биліктегі элитаға қар-
сы «халықты» қолдаған «популистер» еді (McGuigan, 2002, 2005). Осылайша, 
Бирмингем мектебінің ғалымдары сыни теорияшылар сияқты экономикалық 
детерминизмнен және базис-қондырма перспективасынан ал шақтап, қондыр-
маға және әсіресе экономикалық базистен салыстырмалы түр де дербес қарас-
тырылатын мәдениетке (сондай-ақ ұлт-мемлекетке) ерекше назар аударды.
Мәдениеттің осы деңгейінде идеология мен гегемонияға, сонымен қатар би-
ліктің қалай қарсылық танытатынына көңіл бөлінді. 
Бір жағынан, бұқаралық ақпарат құралдары үстем топтардың идеологиясын 
насихаттаса, жұмысшы жастар өздерінің бағынышты жағдайына байланысты 
қарсылығын қайта жаңғыртты. Ал екінші жағынан, жұмысшы жастардың үстем 
топтар идеологиясына киім мен стиль сияқты заттар арқылы (мысалы, «скин-
хедтер») қарсылық етуі де алаңдаушылық тудырды. Сонымен қатар Бирмин-
гем мектебі олардың гегемониялық өнім ретінде қалай пайда болып, мағынасы 
тұрақты емес, керісінше, әртүрлі, кейде антитетикалық немесе қарама-қарсы 
оппозициялық тәсілдер арқылы аудиторияда өндірілгенін көрсету үшін түр-
лі (құрылымдық және семиотиктің әсерін бейнелейтін, 17-тарау ды қараңыз) 


321
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
мәтіндерді, фильмдерді, жарнамаларды, сериалдарды, жаңалықтарды талдауға 
айрықша мән берді. Бұл – мектептің гегемониясы және қарсылығы мен қызы-
ғушылығын да бейнелейді.
Төменгі таптар мәдениетін антитикалық тәсілдермен қайта саралау нәти-
жесі Бирмингем мен Франкфурт мектептері арасындағы басты айырмашы-
лықтарға байланысты болды. Соңғысы мәдениет индустриясы мәдениетті құн-
сыздандырды деп есептеді, ал Бирмингем мектебі оны элиталық перспектива 
деп білді. Бирмингем мектебі мәдениетке, әсіресе төменгі таптар жасаған мәде-
ниетке оң ілтипат танытты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет