Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет27/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   596
АБДЕЛЬ РАХМАН ИБН ХАЛДУН
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Reda K
erbouche/ https://upload.wikimedia.org/wikipedia/
commons/2/25/Bust_of_Ibn_Khaldun_%28Casbah_of_Bejaia%2C_ Algeria%29_1.jpg


7
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
Әлеуметтану теориясының дамуындағы әлеуметтік күштер
Кез келген интеллектуалды сала әлеуметтік ортаның әсерімен қалыптасады. 
Бұл ұғым әсіресе әлеуметтану ғылымына тікелей қатысты, өйткені әлеуметта-
ну әлеуметтік ортадан шығып қана қоймай, сол ортаны өзінің негізгі зерттеу 
объектісі ретінде таңдайды. Біз ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында әлеу мет-
танудың дамуына зор ықпал еткен әлеуметтік оқиғаларға қысқаша тоқталып 
кетеміз. Сондай-ақ әлеуметтану теориясы тарихындағы негізгі тұлғаларды да 
таныстырып өтеміз.
Саяси революциялар
1789 жылғы Француз революциясынан басталып, ХІХ ғасырдың соңына дейін 
жалғасқан саяси революциялар легі – әлеуметтану теорияларының дамуында-
ғы басты фактор. Бұл революциялардың қоғам дамуындағы ықпалы зор болды, 
көптеген оңды өзгерістерге жол ашты. Алайда теорияшылар өзге рістің жағым-
ды жақтарынан гөрі негативті аспектілеріне көбірек назар аударды. Жазушы-
лар бұл хаосқа (әсіресе Франциядағы) қатты алаңдады. Оларды қоғамдағы тәр-
тіпті қайта қалпына келтіру жолындағы ортақ мұрат біріктірді. Араларындағы 
өзгеше көзқарас ұстанғандары көпшілікті орта ғасырдағы бейбіт, мамыражай 
күндерге қайта оралу үшін күресуге үндеді. Белгілі ойшылдар қоғамдағы өзге-
рістер мұндай кері шегінуге еш мүмкіндік бермейтінін мойындады. Соған орай
олар XVIII–XIX ғасырлардағы саяси революциялар нәтижесінде түбегейлі өз-
ге ріске ұшыраған қоғамдағы тұрақтылықтың жаңа негіздерін табуға тырысты. 
Әлеу меттік тәртіптің осы өзекті мәселесіне ден қою әлеуметтанудың класси-
калық теорияшыларының, әсіресе Конт, Дюркгейм мен Парсонстың өмірлік 
мұратына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет