495
12-тарау
•
Қазіргі феминистік теория
бастайды, әлеуметтегі орнының ба ғасын төмендетеді (Oliver, 2006). Айналада-
ғы жұрт мойындауға лайықты қабі леттерін көрсетіп, өзінің ересек өміріндегі
эмоциялық өзгерістердің шеші мін табуға ұмтылады, көбіне ерлермен сексуалды
құмарлық әрекеттеріне бой сұнады және әйелдермен жақындықты, достықты
қолдау әрекеттерінде өзара бірдей ниет етеді. Сондай-ақ ананы алмастырушыны
іздеудің орнына, ол ана атану арқылы ерте кездегі нәресте-ана қарым-қатынас-
тарын қайта қалыптастырады.
Психоаналитикалық феминист теорияшылар өз талдауларын жеке тұлға-
ның шеңберінен Батыс мәдениетіне дейін кеңейтті: Батыс ғылымында «адам»
мен «табиғат» ұғымдарын бөліп көрсетуге тырысты (Jaggar and Bordo, 1989;
Keller, 1985); танымал мәдениеттің мотивтері (J. Benjamin, 1985, 1988; Chancer,
1992; Zannettino, 2008), кәсіби топтардың ұйымдастырушылық тәжірибелері
(Ford and Harding, 2008), қызмет көрсетушілердің (Varley, 2008), және әйел-
дердің зерттеулеріндегі еркектердің феминизммен өзара байланысы (Landreau,
2011) қарастырылды. Екі ауытқушылық қайта анықталатын доми нанттың ұғы-
нуы мен даралануының арасындағы шиеленістің нәтиже сінде пайда болады: бі-
реуі екіншісін тек басқару мен субординаттау әрекеттері арқылы ғана «мойын-
дайды» (Zosky, 1999).
Психоаналитикалық феминистер әйелдерді басқару кезінде еркектердің ішкі
эмоциялық қажеттіктері бойынша қысым көрсету арқылы өздері тәрбиелеген әйел-
ге деген үстемдікке қол жеткізетінін түсіндіреді. Немесе әйелдерде мұндай невроз-
дар болмайды, не болмаса қосымша невроздарға тап болмайды, бірақ қандай жағдай
болмасын, олар үстемдікке қарсы шығу үшін эквивалентті қуат көзінен психика-
лық тұрғыда айырылып қалады. Клиникалық психиатриялық дәлелдерге және
кросс-мәдени психологияға сенетін бол сақ, аталған невроздар Батыс қоғамында
кең таралған (Haaken, 2008). Алайда бұл теориялар адами эмоциялардан әйелге
қысым көрсетуге дейінгі ұзақ жолға созылып, эмоцияны қысыммен байланысты-
ратын және эмоциялардың өзгеруінің, әлеуметтік аранжировкалардың немесе тап,
ұлт және этникалық қатыстылықтың себе бінен болған қысымның ықтимал өзге-
рістерін болжай алмайды. Бұған қоса пси хоаналитикалық феминистік теорияның
өзгерістерге арналған стратегиялық талдаулары да онша мардымды емес.
Достарыңызбен бөлісу: