Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет359/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   596
Гендерлік кемсіту
Гендерлік қысым теориялары әйелдердің жағдайын зорлық-зомбылық, қысым 
көрсету, үстемдік ету тәжірибесіне негізделген әйелдер мен ерлер арасындағы 
билік қатынасының салдары ретінде сипаттайды. Қысым теорияшылары доми-
нацияны бір жақ (индивидуалды немесе ұжымдық) доминант, сондай-ақ өзге 
жақ (индивидуалды немесе ұжымдық жақты) субординат, доминантты қолдану 
құралына айналдыруда табысқа жететін кез келген қарым-қатынас деп айтады 
(Lengermann and Niebrugge-Brantley, 1995). Ерлердің қысымы салдарынан ген-
дерлік қысым теорияшылары үшін әйелдердің жағдайы қазір ең маңызды мәселе-
ге айналып, кеңінен талқылануда. Гендерлік қысымның осындай көрінісі қоғамды 
ұйымдастырудың ең кең таралған жолдарымен терең тамырласып жатыр. Демек, 
бұл – көбінесе патриархат деп аталатын қоғамдық өмірдің барлық салаларында-
ғы ерлердің үстемдігін арттыруға арналған құры лым. Патриархат бірқатар басқа 
факторлардың, мейлі, ол биология немесе әлеуметтану, гендерлік рөлдер неме-
се таптар жүйесі болсын, ойластырылмаған және екінші реттік нәтижесі болып 
саналмайды. Бұл – күшті және әдейі ойластырылған мақсат-ниетті қолдауға ие 
болып тұрған бастапқы билік. Шынымен де, гендерлік қысымның жақтаушыла-
рына гендерлік айырмашы лық тар мен гендерлік теңсіздік патриархаттың жанама 
өнімі болады.
Біз бұл жерде гендерлік қысым теориясының екі негізгі нұсқасын қарастыра-
мыз: психоаналитикалық феминизм және радикалды феминизм.
Психоаналитикалық феминизм.
4
 Психоаналитикалық феминизм Фрейд пен 
оның интеллектуалды ізбасарларының теорияларын қайта тұжырымдап, пат-
риархатты түсіндіруге тырысады (J. Benjamin, 1988, 1996, 1998; Chodorow, 1978, 
1990, 1994, 1999; Langford, 1999). Бұл теориялар көбіне психиканың санадан 
тыс немесе санасыз бөлігіне терең енген эмоцияларды, тұлғаның эмоционалды 
динамикасын көрсетеді, сондай-ақ олар аталған эмоциялардың қалыптасуында 
жастық шақ пен сәбилік кездің маңызын ерекше атап көрсетеді. Алайда Фрейд-
тің теорияларын қолданғысы келсе, феминистер сексистік және патриархалды 
болып саналатын оның гендерлік-спецификалық қорытын дыларын жоққа шы-
ғару мақсатында өздерінің пайымдарын іргелі түрде қайта жасауы тиіс.
Езгі теорияшылары сияқты психоаналитикалық теорияшылар да па триар - 
хатты ерлердің әйелдерге қысым көрсететін, жан-жақты тараған, уақыт пен ке-
ңістікте мәңгі болатын жүйе ретінде көреді. Алайда психоаналитикалық фе ми-
низмнен айырмашылығы – бұл жүйеде барлық адам өздерінің күнделікті өмі-


494
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
рінде сол әрекетті жасаумен немесе соны қолдаумен айналысады. Әйелдер тек 
кездейсоқ қарсылық көрсетеді, бірақ көбіне не келіседі, не бол маса өзінің ба-
ғыныштылығына бойсұнып, белсенді түрде жұмыс істейді. Пси хоаналитикалық 
феминистердің шешкісі келген ойжұмбақ: не себепті, қай жерде болмасын, ер 
адамдар патриархатты сақтап қалуға соншалықты күш салады және не себепті 
әйелдердің қарсылығы жоқтың қасы? 
Психоаналитикалық феминистер ерлерге патриархатты қолдауға тәжі рибелік 
пайдалардың когнитивті есебі жеткілікті болады деген тұжырымға қарсы шықты. 
Когнитивті мобилизация ерлердің патриархатты сақтап қалу ға құлшына күш са-
луының бірден-бір қуат көзі бола алмайды. Өйткені па т риар хатты қандай жағдай-
да да сөзсіз құндылық деп есептеуге жол бермейтін адамзаттың парасат пайымы, 
саралау қасиеті тосқауыл болады. Мұның орнына бұл теорияшылар фрейдистер 
соншалықты тиімді дәйектейтін психиканың аспектілеріне зер салады: адам эмо-
цияларының зонасы, жартылай мойындал ған немесе мойындалмаған қалау мен 
қорқыныш, сондай-ақ невроз және ауытқу. Бұл жерде олар мотивациялық қуат 
пен әлсіздіктің клиникалық түрде дәлелденген қайнар көздерін табады. Олардың 
бірі жеке сана-сезім арқылы көрінбейді және бақыланбайды, өйткені ол психика-
лық құры лымдарға тым терең орныққан.
Психоаналитикалық феминистер патриархаттың энергетикалық негіздерін 
іздеу барысында өздерінің аналитикалық объективтерін әлеуметтік-эмоциялық 
ортаға айналдырады. Ол ортада жас бала тұлғасының және жасөспірімдік шақ-
тың екі даму аспектісі қалыптасады: 1) «адамдар арасындағы бітпес қауырттық-
ты тең ұстау, әрекет ету еркіндігі мен өзгелер тарапынан мойындауға ұмтылу ар-
қылы ересек адамдарға айналады» деген тұжырым; 2) барлық қоғамда сәби лер 
мен балалар әйел адаммен, аналарымен немесе аналарын ауыстыратын әйелдер-
мен болған тығыз, үздіксіз, жақын қарым-қатынастар барысында өз дерінің ерте 
және ең маңызды дамуын сезінеді. Нәресте мен кішкентай бала, тіпті тілден де 
мақрұм болғанның өзінде, тұлғалық дамуының ерте сатыла рында алғашқы эмо-
циялы толқуларды бастан өткереді: қорқыныш, махаббат, жеккөрушілік, өтініш, 
ашу, айырылу, қалау. Осындай ерте кездегі сезімдер дің эмоциялық салдары әр-
қашан күшті, бірақ та көбінесе санадан тыс «естелік сезімдер» ретін де қалады. 
Әйел, ана мен қамқоршыға арналған мұндай эмпирикалық қалдықтағы басты 
орталық болып саналатын терең екіұшты сезімдердің жиынтығы: қажеттілік, 
тәуелділік, махаббат, жекеменшіктік, сондай-ақ өзінің еркін бұзуға қатысты 
қорқыныш пен ашу да жатады. Балалардың әке сіне қатысты қарым-қатынасы 
әлдеқайда шартты, қосалқы және эмоциялы тұрғыдан әркелкі болып келеді.
Осы сәттен бастап еркекке тән қасиеттерді позитивті бағалайтын және әйел-
ге тән қасиеттер құнсызданатын және өзінің жігіттікке сай болуын көбірек 
күйттейтін мәдениет рухында өсіп келе жатқан ер бала әйел адамнан немесе 
анасынан шұғыл оқшаулануға ұмтылады. Бұл – оның өзі үшін қымбатқа түсе-
тін эмоциялық ажырау. Есейгенде ерте балалық шақта қалыптасқан қажеттік, 
махаббат, жек көру, меншіктік сияқты әйелдерге қатысты эмоциялық өзгеру ер 
адамды өзіне лайық әйел табуға ынталан дырады. Әйел өз кезегінде оның эмо-
циялық талаптарына сәйкес келеді, деген мен ол ер адамға тәуелді, бағынышты 
болады, осылайша ер адам үстемдік етуге ұмтылады. Қыз балалар да әйелден 
немесе анасынан сол жылуды алып, өз мәдениетінде әйелді бір саты төмен са-
найтын әйел бірегейлігін бойына сіңіреді, әйелдерді төмендететін жағдайлар-
ды көріп өседі. Қыз бала бойында өзі туралы терең позитивті және негативті 
эмоциялар аралас күйде өседі, өзінің қоғамдық мақсаттағы армандарын шегере 


495
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
бастайды, әлеуметтегі орнының ба ғасын төмендетеді (Oliver, 2006). Айналада-
ғы жұрт мойындауға лайықты қабі леттерін көрсетіп, өзінің ересек өміріндегі 
эмоциялық өзгерістердің шеші мін табуға ұмтылады, көбіне ерлермен сексуалды 
құмарлық әрекеттеріне бой сұнады және әйелдермен жақындықты, достықты 
қолдау әрекеттерінде өзара бірдей ниет етеді. Сондай-ақ ананы алмастырушыны 
іздеудің орнына, ол ана атану арқылы ерте кездегі нәресте-ана қарым-қатынас-
тарын қайта қалыптастырады.
Психоаналитикалық феминист теорияшылар өз талдауларын жеке тұлға-
ның шеңберінен Батыс мәдениетіне дейін кеңейтті: Батыс ғылымында «адам» 
мен «табиғат» ұғымдарын бөліп көрсетуге тырысты (Jaggar and Bordo, 1989;
Keller, 1985); танымал мәдениеттің мотивтері (J. Benjamin, 1985, 1988; Chancer, 
1992; Zannettino, 2008), кәсіби топтардың ұйымдастырушылық тәжірибелері 
(Ford and Harding, 2008), қызмет көрсетушілердің (Varley, 2008), және әйел-
дердің зерттеулеріндегі еркектердің феминизммен өзара байланысы (Landreau, 
2011) қарастырылды. Екі ауытқушылық қайта анықталатын доми нанттың ұғы-
нуы мен даралануының арасындағы шиеленістің нәтиже сінде пайда болады: бі-
реуі екіншісін тек басқару мен субординаттау әрекеттері арқылы ғана «мойын-
дайды» (Zosky, 1999).
Психоаналитикалық феминистер әйелдерді басқару кезінде еркектердің ішкі 
эмоциялық қажеттіктері бойынша қысым көрсету арқылы өздері тәрбиелеген әйел-
ге деген үстемдікке қол жеткізетінін түсіндіреді. Немесе әйелдерде мұндай невроз-
дар болмайды, не болмаса қосымша невроздарға тап болмайды, бірақ қандай жағдай 
болмасын, олар үстемдікке қарсы шығу үшін эквивалентті қуат көзінен психика-
лық тұрғыда айырылып қалады. Клиникалық психиатриялық дәлелдерге және 
кросс-мәдени психологияға сенетін бол сақ, аталған невроздар Батыс қоғамында 
кең таралған (Haaken, 2008). Алайда бұл теориялар адами эмоциялардан әйелге 
қысым көрсетуге дейінгі ұзақ жолға созылып, эмоцияны қысыммен байланысты-
ратын және эмоциялардың өзгеруінің, әлеуметтік аранжировкалардың немесе тап, 
ұлт және этникалық қатыстылықтың себе бінен болған қысымның ықтимал өзге-
рістерін болжай алмайды. Бұған қоса пси хоаналитикалық феминистік теорияның 
өзгерістерге арналған стратегиялық талдаулары да онша мардымды емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет