515
12-тарау
•
Қазіргі феминистік теория
мемлекеттік және жекеменшік салаларға өндірісті ұйымдастыру және осы сала-
ларды реттеу екі үстемдік етуші жүйеге де пайда әкеледі. Капитализм әйелдердің
жеке сектордағы еңбегі капитал үшін тегін жұмыскердің пайда болуымен ұтады,
сондай-ақ олардың жеке сектор үшін жауапкершілігі бар әйелдерді маргинал
етеді, бірақ әдетте жалақыны үнемі төмендете отырып, оларды арзан еңбектің
қолайлы көзіне айналдырады. Сонымен қатар па триар хат әйел жұмыскерді қа-
наудан пайда көреді, сондықтан оның ерлерге тәуелді болуына себеп болады.
Әйелдердің қоғамдық салаға араласуының күрделі болуы – ондағы бар «жақсы»
жұмыспен ең бірінші ер адамдарды қамтамасыз ету үшін тиімді. Әйелдердің жұ-
мыс орындарында жыныстық қудалауға ұшырауы және қоғамдық жерлерде қы-
сым көру тәжірибесі – кездейсоқ құбылыс емес әрі маңызы жоқ микрооқиғалар
да емес, патриархаттың капитал шекарасын қорғауға көмектесетін билік қарым-
қатынасының мысалы. Бұл бөліністі қоғам дық және жекеменшіктің «нәсілдік»
және «жастық», сонымен қатар «гендерлік» аспектілері одан әрі қиындатады.
Достарыңызбен бөлісу: