517
12-тарау
•
Қазіргі феминистік теория
Демократиялық этос өзара әрекеттесудің әлеуметтік-анықтамалық және
әлеуметтік-бихевиористік сипаттамаларын қалыптастырады. Дәстүрлі үлгілер
адамдардың өзара әрекеттесуге және одан бас тартуға қатысты тең мүмкін дікте-
рімен таңдау еркіндіктері бар екенін білдіреді. Феминистік зерттеулер – әйел-
дер өзара қарым-қатынас жасап, өздерімен ұқсас жағдайларды бастан кешкен
әйелдермен сөйлесу барысында өмірлік тәжірибелерімен бөлісетін кең мағына-
лы іс-әрекет шеңберін қамтиды. Оның үстіне, бұл қауымдастықтар тәжірибелік,
эмоциялық және мағыналық қолдау көрсету арқылы әйелдерді өзіне тарта түсуі
мүмкін. Алайда әйелдер осы жағдайларды таңдауда еркін құқыққа ие емес. Заң,
интерактивті үстемдік және идеология бұл қоғамдық таңдауды шектейді, кем-
сітеді де, тіпті әйелдер де өздерінің көркіне күмәнмен қарай бастайды. Мұндай
жағдайларда қауымдастық еркін және ашық таңдау емес, жасырын, шектелген
және қарым-қатынас пен мағына үшін көзге көрінбейтін аренаға айналады.
Ақыр соңында, өзара әрекеттесу тәжірибесінің феминистік талдауы терең
психикалық құрылымдар тұрғысынан түсіндірілетін ерлер мен әйелдер ара-
сындағы айырмашылықты атап өтуі мүмкін. Ер адамдарды тәрбиелеу инди ви-
дуализацияны және әйел затынан бас тартуды мадақтайды, сондықтан ерлер
ерте жасында еркектік артықшылыққа ұмтылу оның әйелдік мінез-құлықтар-
дан алыстауын білдіретінін ұғады. Сол сияқты әйелдер еркектерге және бір-бі-
ріне қатысты жүктелген міндеттердің бірі – ерлердің назарын аудару, жасаған
әрекеттеріне түсінік беру және мақұлдау сияқты өзара әре кеттесу қимылдары
арқылы бір-бірінің субъективтігін мойындауы екенін ертеден біледі. Бұл мінез-
құлықтар ерлер мен әйелдер арасындағы өзара әрекеттесуді ғана емес, гендерлік
топтардағы өзара әрекеттесуді де түсіндіреді. Әйелдер өздерін ауық-ауық бір-
біріне неғұрлым жауапты және басқа адам дардың қажеттіліктері мен тілектерін
көбірек бақылап отырушы ретінде көр сетеді. Ерлер бөлісу құқығы мен міндет-
терін сезінуге бейім келеді. Оны олар жеке мақсаттарға қол жеткізу және өзара
қарым-қатынастың қалыпты сипаты ретінде емес, адамдардың өзгелер алдында-
ғы жауапкершілігін жомарттық ретінде қарастыру үшін жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: