Қорытынды
1. Мұндай анықтама бұл типтегі теориялық мәтіндерде жиі қолданылатын формалды «ғы-
лыми» анықтамаларға қарама-қарсы болады (Jasso, 2001). Ғылыми анықтама тео рия-
лық білімді жүйелеуге, қоғамдық өмірдің түсіндірмесі мен болжауын және жаңа зерт теу
болжамдарын түрлендіруге жағдай жасайтын өзара байланысты ережелердің жиынты-
ғы болуы мүмкін (Faia, 1986). Бірқатар тиімді жақтарына қарамастан, мұндай анықтама
бұл кітапта талқыланатын көптеген идеялар жүйесіне жарамайды. Басқаша айтсақ, тео-
риялардың көбі теорияның бір немесе бірнеше шартты компоненттеріне сәйкес келмей-
ді, дегенмен оларды көптеген әлеуметтанушылар теория деп қарастырады.
2. Бұл тарау Ирвинг Цейтлин (1996) еңбегіне негізделген. Бұл жерде Цейтлиннің талдауы
оның келісуіне байланысты көрсетілсе де, біраз шектеу жасауға мәжбүр болдық: ағар-
тушылыққа қатысты үздік талдаулары, әлеуметтанудың қалыптасуына әсер ететін бас-
қа да көптеген факторлар және Цейтлиннің кейде асыра сілтеп жіберетін тұстары бар
(мысалы, Маркстің әсері жайлы). Бірақ, жалпы алғанда, Цейтлиннің бұл тараудағы
мақсатымызды орындауда көп көмегі тигені анық.
45
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
3. Біз ағартушылық пен кері ағартушылықтың арасындағы үзілістерге назар аударға-
нымызбен, Сейдман бұл жерде үздіксіздік пен байланыстың бар екенін көрсетеді.
Біріншіден, кері ағартушылық Ағартушылық дәуірінде қалыптасқан ғылыми дәс-
түрді жалғастырды. Екіншіден, ол ағартушылықтың назарын ұжымдыққа аударды
(адамдарға қарағанда) және оны елеулі түрде кеңейтті. Үшіншіден, екеуі де заманауи
әлемнің мәселелеріне, әсіресе оның адамдар үшін негативті салдарына қызығушы-
лық танытады.
4. Конт «әлеуметтану» атауын ойлап шығарғанын мойындаса да, Эрикссон (1993)
«Конт заманауи, ғылыми әлеуметтанудың негізін салушы» деген идеяға қарсы шық-
ты. Одан гөрі Эрикссон Адам Смит секілді және жалпы шотландтық моралистерді
заманауи әлеуметтанудың шынайы бастау көзі ретінде бағалады. Оған қоса, Л. Хилл
(1996), Адам Фергюсон, Ульманн-Маргалит (1997) Фергюсон, Адам Смит және
Рунделлдің маңыздылығы туралы (2001) қараңыз.
5. Бұған қарсы дәлел ретінде және марксизм мен негізгі әлеуметтану арасындағы ты-
ғыз байланыс жайында Сейдманды (1983) қараңыз.
6. 1887 жылы ең алғаш рет Джозеф Дицген қолданады, ал 1891 жылы Георгий Плеха-
нов осы терминге ерекше назар аударды (Beamish, 2007a). Маркс, әрине, диалекти-
калық материализм көзқарасы бойынша әрекет етсе де, ол ешқашан да бұл концепті-
ні қолданған емес.
7. Британ әлеуметтануындағы кейінірек болған оқиғалар жайлы Абрамс пен басқалар-
ды қараңыз (1981).
8. Смит әдетте шотландтық ағартушылықтың жетекші мүшелерінің қатарына (Chitnis,
1976; Strydom, 2005) және әлеуметтанудың іргесін қалаған шотландтық моралистер-
дің бірі (L. Schneider, 1967:xi) болып кіреді.
9. Бұл туралы Марк Фрэнсис (2011) Спенсердің заманауи аудармашыларының «оның
laissez-faire капитализмге бейімділігін асыра бағалаған» пікірін растайды. Томас
Леонардтың еңбегін айта отыра (2009), Фрэнсис: «ХХ ғасырдың екінші жартысына
дейін Спенсерге laissez-faire капитализмнің пайғамбары ретінде сілтеме жасау дағ-
дыға айнала қоймаған еді», – деп жазады (2011:168).
2
Карл Маркс
|