42
I
бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
бөлген кезде, аз уақыт болса да, оның шығармашылығына (1935) деген қы-
зығушылық байқалып еді. Оның кейбір негізгі тұжы рым дарын санамағанда,
соңғы жылдары Парето ілімінің маңыздылығы мен өзектілігі кеми бастады
(Femia, 1995).
Цейтлиннің пікірінше, Парето өзінің «негізгі
идеяларын Маркстің көз-
қарастарын теріске шығару тұрғысында» дамытты (1996:171). Шын мәнінде,
Парето тек Маркстің көзқарастарын ғана емес, сондай-ақ ағартушылық фило-
со фиясының елеулі бөлігін жоққа шығарған. Мысалы, ағартушы-философтар
рационалдыққа ерекше мән берсе, Парето адами инстинктер секілді ирра цио-
налдық факторлардың рөлін айрықша бағалаған (Mozetic and Weiler, 2007).
Мұндай көзқарас Маркстің теориясын мойындамаумен де үйлеседі. Демек,
иррационалды, инстинкті факторлар аса маңызды әрі бұлжымас тегеу рінді бо-
лып қарастырылғандықтан, экономикалық революция арқылы түбегейлі әлеу-
меттік өзгерістерге қол жеткіземіз деп үміттену мүмкін емес еді.
Парето марксистік теориямен қарама-қайшы келетін
әлеуметтік өзгерістер
теориясын жасады. Маркс теориясы бұқара рөліне назар аударғанымен, Паре-
то әлеуметтік өзгерістердің элиталық теориясын ұсынды, ал онда қоғамның,
сөзсіз, өз мүддесі негізінде жұмыс істейтін кішігірім элита басым екені айтыл-
ған (Adams, 2005). Ол иррационалды күштер үстемдігіне тап болған бұқара
халықты басқарады. Себебі оларда рационалды мүмкіншілік болма ған дықтан,
Паретоның жүйесіндегі бұқараның революциялық күш болуы екіталай.
Элита
азғындап, билік жүргізбейтін элиталық топтан немесе бұқараның үздік өкіл-
дерінен қалыптасқан жаңа элитамен алмасқан кезде әлеуметтік өзгерістер іске
асады. Жаңа элита билікке келгеннен кейін процесс қайта басталады. Осылай-
ша, біз Маркс, Конт, Спенсер және басқалар ұсынған бір бағытты теориялар-
дың орнына әлеуметтік өзгерістердің циклдік теориясына қол жеткіземіз. Бұ-
дан бөлек Паретоның өзгерістер теориясы көбінесе бұқараның мүшкіл жағда-
йын елемейді. Элиталар келеді-кетеді, ал көпшілік
бұқараның өмірі өзгеріссіз
қала береді.
Алайда бұл теория Паретоның әлеуметтануға қосқан ұзақ мерзімді үлесі
емес. Бұл оның әлеуметтану және әлеуметтік әлем ғылыми тұжырымдамасы-
мен байланысты: «Мен әлеуметтану жүйесін аспан механикасы (астрономия),
физика, химия үлгілерімен құрастырғым келеді» (cited in Hook, 1965:57). Қыс-
қаша айтатын болсақ, Парето қоғамды тепе-теңдіктегі, өзара тәуелді бөлік тер-
ден тұратын тұтас жүйе ретінде түсінген. «Бір бөліктегі өзгеріс – жүйенің бас-
қа бөліктеріндегі өзгерістерге апаратын фактор» деп есептеген. Парсонс өзінің
1937 жылғы
The Structure of Social Action («Әлеуметтік әрекет құрылымы»)
атты еңбегінде Паретоның қоғамдық жүйе
тұжырымдамасына айрықша на-
зар аударғаны мәлім. Бұдан біз Паретоның Парсонс көзқарасына аса маңызды
ықпал еткенін көреміз. Қоғамға органикалық тәсілмен қараған әлеуметтану-
шылардың (мы салы, Конт, Дюркгейм және Спенсер) ұқсас пікірлерімен бірге
Паретоның тео риясы Парсонс тұжырымдамасының, құрылымдық функцио-
нализмнің дамуында басты рөл атқарды.
Қазіргі күнде Паретоның еңбектерін оқитын әлеуметтанушылар сирек бол-
ғанымен, мұны ағартушылық
пен марксизмнен бас тартып, марксистік перс-
пективаға қарсы шығатын әлеуметтік өзгерістердің элиталық теориясын ұсы-
ну ретінде қарастыруға болады.