«IP-адрестеу» деген не? IP-адрес (Internet Protocol Address) – интернетке шыққан ком-пьютердің адресі (мекенжайы). Провайдер (Интернетті пайдалануға рұқсат беретін ұйым) әр интернет қолданушыға қайталанбас IP-адресін береді. Интернет желісіне қосылған әрбір пайдаланушының өзіндік қайталанбас физикалық адресі болады (IP-адресі). Адрес нүктемен бөлінген 4 ондық саннан тұрады, олардың әрқайсысы – 0 мен 255 санының арасындағыкез келген сан. Желідегі компьютерді осы сандарға қарап анықтайды. Мысалы: 192.168.10.43 немесе 128.29.15.124. Осылай адрестеу жүйесі бойынша миллиардтаған компьютерге жеке адрес беруге болады.
Сілтеме – формула жазу барысында қолданылатын ұяшық, қа-
тар, бағандардың адресі.
Математикалық функциялар
ABS (число) – санның модулі;
SIN (число), COS (число), TAN (число) – берілген санның сәйкес
тригонометриялық функциялары;
ГРАДУСЫ (угол) – радианды градусқа айналдырады;
ЗНАК (число) – санның таңбасын анықтайды: егер 1 оң сан болса;
егер 0 саны 0-ге тең болса; егер 1 теріс сан болса;
КОРЕНЬ (число) – квадрат түбірдің оң мәнін анықтайтын функция;
СУММ (число 1; число 2; ...) – аргументтер тізіміне кіретін барлық
санның қосындысын анықтайды;
СТЕПЕНЬ (число; степень) – негізі кез келген нақты болатын сан-
ды дәрежелейді.
Статистикалық функциялар
МАКС (аргумент 1; аргумент 2;...) – аргументтердің максимумын анықтайды;
МИН (аргумент 1; аргумент 2;...) – аргументтердің минимумын
анықтайды;
СРЗНАЧ (аргумент 1; аргумент 2;...) – аргументтердің орташа
мәнін есептейді;
СЧЕТ ЕСЛИ (диапазон; условие) – берілген шартқа сәйкес келетін
диапазон аралығындағы аргументтер санын есептейді.
Логикалық функциялар Логикалық функциялар қандай да бір шарттың орындалу нәти-
жесіне байланысты қызмет етеді. Бұл шарттарда салыстыру опера-
циялары қолданылады: =, >, <, <> (тең емес), > = (үлкен немесе тең),
< = (кіші немесе тең).
ЕCЛИ (ЕГЕР) (логикалық _ұғым; 1-мән; 2-мән) – 1-мән шешімі
болса, онда логикалық ұғым ақиқат және керісінше жағдайда 2-мән
ақиқат болады. Мысалы: A1 ұяшығына 30 000 саны енгізілген, ал B1
ұяшығына =ЕСЛИ (A1<20000; 12; 15) формуласы енгізілген. Шарт-
тың орындалмауына байланысты нәтижесі 15-ке тең болады.