Барлық құрылымдарда тақырып бірегей ID-мәннен, формат идентификаторынан басталады. Ол программаға өзі жұмыс істеп отырған графиктік файлдың форматын анықтауға мүмкіндік береді. Файлдар идентификаторын таңдау жасаушылардың еркінде және ASCII символдарының тізбегін қамтиды, мысалы bmp, gif форматтары немесе кез-келген сандық мәліметтер. Егер файл басында оқылған мән бар идентификатормен сәйкес келсе, онда тақырыпты оқып отырған программа бұл формат оған таныс деп есептейді.