Mpeg сығуы
Видеоны өңдеуде осы ассимметриялық сығу әдісі қолданылады. Сығу процесі ашуға қарағанда күрделірек.
Mpeg – те 2 тип пайдаланылады:
Болжаулармен кодтау және интерполятивті кодтау.
Бірінен кейін бірі жүретін кадрлардың бірдей болатын мәліметтері көп болады, сондықтан бұл кадрлардың ақпаратының бір бөлігі ғана кодталады. Нәтижеде сығу дәрежесі жоғарылайды, себебі ақпараттың аз кодталады. Мұндай тип – болжаумен кодтау. Егер екі бағыттағы болжауды қолданса, мәліметтер өлшемін азайтуға болады.
Схема видео кадрды онымен, алдыңғы және келесі видео кадр арасындағы негізде кодтауға мүмкіндік береді.
Бұны интерполятивті кодтау деп атайды. Кадраралық және кадрішілік кодтауды қолдау үшін mpeg мәліметтер ағыны кодталған кадрлар 3 типін қамтиды.
Дәріс №7. Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны, құралдар және олармен жұмыс.
Corel Draw графиктік редакторында құралдармен және басқаресурстармен негізгі терезе мен құжат терезесінде жұмыс жасалынады.
Негізгі терезе
Программа жүктелгеннен кейін қыстырма(заставка) терезе (кейінірек тоқтаймыз), содан кейін негізгі терезе пайда болады. Негізгі терезеде қолданушы интерфейсінің негізгі элементтері: меню қатары, құралдар тақтасы, құралдар жиыны, қалып-күй қатары және түстер палитрасы орналасады. Corel Draw графиктік редакторында Windows-тың стандартты батырмалары, командалары (жабу, ашу, бүктеу, қайта қалпына келтіру, буфермен жұмыс және тағы басқалар) қолданылады. Және де Параметрлер терезесінен парақтың пішімін (формат страницы) және бағдарын (альбомная и книжная оиентация), реннің түсін(фон), макеттерін келтіруге болады. Параметрлер терезесін ашу үшін Макет Парақ параметрлері (Размещение Настройка страницы) командасын орындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |