Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Компьютерлік графика нені оқытады?
Компьютерлік графиканың негізгі қызметі мен анықтамасы қандай?
Компьютерлік графиканы қолдану сфераларын атаңыз.
Компьютерлік графиканы қолданудың классификациясы.
Компьютерлік графиканың қысқаша тарихына тоқталыңыз.
Дәріс №2. Фрактальды және үш өлшемді графика түсініктері
Жоспар:
Графикалық файлдар форматтары.
Үш өлшемді графиканы өңдеудің программалық жабдықтары.
Фрактальды графика
Фрактал – бұл жекелеген элементтері ата-аналық құрылымдардың қасиеттерін мұраға алатын объект
Фрактальдық қасиеттерге табиғатта қар, кристалдар, өсімдіктер сияқты көптеген объектілер ие болып табылады.
Осылайша қарапайым алгоритм бойынша кез-келген күрделілік деңгейіндегі объектілерді алуға болады, және осы суретті қабылдауға болатын барлық ақпарат ондаған байттан ғана тұрады.
Қазір фракталдарды зерттеу екі бағыт бойынша жүріп келеді:
Фрактал – тірі табиғаттың ең жақсы бағыты
Фрактал ақпарат сығу тәсілі
Фрактальдық геометрия 70 -жылдардың аяғында пайда болды.
Фрактал сөзі латынның fractus – фрагменттерден құралған деген сөзінен шықққан. Фрактал терминін ұсынған Бенуа Мандельброт. Оның анықтамасы бойынша фрактал деп қандай да бір мағынада бүтінге ұқсайтын бөліктерден тұратын құрылымды айтады.
1977жылы Мандельброт «Табиғаттағы фрактальдық геометрия» кітабын басып шығарған. Бұл фракталдық геометрия мен геометрияның бастамасы болды. Кез-келген фракталда өзінің фракталы туралы ақпарат қамтитын бөлігі болады.
Геометриялық фракталдар құру
Фракталдар 2 өлшемді жағдайда қандай да бір сынық көмегімен алады. 3 өлшемді жағдайда генератор деп аталатын қандай да бір бетпен алынады.
Алгоритмнің әрбір қадамында сынықты құрайтьын әрбір кесінді сыныққа –сәйкес масштабтағы генераторға ауыстырылады. Мұндай ауыстыру нәтижесінде элементтердің келесі ұрпағы алынады.
Кох қары үшін 1 – ұрпақта әрбір кесінді әрбіреуі 1/3 кесінді 4 звеноға ауыстырылады.
Келесі ұрпақты алу үшін жаңа элементтің әрбір звеносы сынық-генератор деп аталатын кішірейтілген жасаушы элементке ауыстырылады.
n – ұрпақты қисық кез-келген ақырлы n – де алғыфрактал деп аталады. n → ∞ болғанда фрактал алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |