247
Сөз басында й кездеспейді, сондықтан алдынан ы қосылады: иық
(ыйық) [y-ɪyq];
Сөз ортасында: тиын (ты-йын) [ty-ɪyn], қыйын (қы-йын), [qy-ɪyn],
жыйын (жы-йын) [jy-ɪyn];
Сөз соңында: тый (тый) [tyɪ], ылғый (ыл-ғый) [yl-ǵyɪ], сыный (сы-
ный) [sy-nyɪ], ысый (ы-сый) [y-syɪ];
Жіңішке әуезді сөздердің құрамында.
Жіңішке (қысаң) әуезді İ мен үнді (жуысыңқы) Й дауыссызының
тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын бұзбай, тасымал ретін сақтау
үшін İЙ [iɪ] болып жазылады:
Сөз басында кездеспейді, сондықтан алдынан і қосылады: и (ій) [iɪ],
иіс (ійіс) [і-ɪіs], ирек (ій-рек) [iɪ-rek], ие (і-йе) [i-ɪe], ине (ій-не) [iɪ-ne];
Сөз ортасында: киім (кі-йім) [ki-ɪim], шие (ші-йе) [shi-ɪe], тиін (ті-
йін) [ti-ɪin], сирек (сій-рек) [siɪ-rek];
Сөз соңында: ти (тій) [tiɪ], би (бій) [biɪ], бәлки (бәл-кій) [ba’l-kiɪ],
іскери (іс-ке-рій) [is-ke-riɪ].
Акут әліпбиіміз үшін де осы емле
ереженің ұсынылғаны жөн
болады.