Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Дәм талдағышының шеткі бөлімі



Pdf көрінісі
бет115/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Дәм талдағышының шеткі бөлімі – дәм сезу баданасынан 
құрастырылған рецепторлардан тұрады. Олар тілдің ұшында, екі бүйірінде 
және түпкі жағында көп кездеседі. Адамда 10 мыңнан астам дәм сезу 
баданасы болады. Олардың әрбіреуі 8-12 қабылдағыш және тірек 
жасушаларынан тұрады. Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасады 
және олардың ұшқары жері өте сезімтал микротүктерден (микроворсинка) 
тұрады. Дәмді заттар дәм сезуші жасушаларға бадананың төбесіндегі тесік 
арқылы өтеді.Түкті рецепторлар химиялық затармен өзара әрекеттесуі 
нәтижесінде мембранадағы натрий каналдарының ашылуы қозуға кетіріп, 


рецепторлық потенциалды тудырады, әрі қарай ол әрекет потенциалына (ӘП) 
айналып таралады. 
Дәм талдағышының өткізгіш бөлімі дәм баданасынан шығатын сезгіш 
жүйке талшықтарынан басталады, афференттік серпіністер тіл, жұтқыншақ 
және кезеген (n.vagus) жүйкесінің құрамында cопақша мидың жалқы 
будасына (ІІ нейрон) келеді. ІІ нейронның аксоны медиалды ілмектің 
құрамында таламусқа жетеді, онда ІІІ нейрон орналасады, оның аксондары 
сепіністерді ми қыртысына жеткізеді (ІVнейрон). 
Дәм талдағышының орталық бөлімі ми қыртысының денесезу 
(соматосенсорлық) аймағында, артқы орталық қатпардың төменгі бөлігінде 
орналасады. Бұл аймақтың көптеген нейрондары көп сезімді (полисенсорлы), 
яғни олар дәмді сезуден басқа механикалық, температуралық және 
ноцицептивтік әсерлерге де жауап қайтарады. 
16.8. Иіс талдағышы. 
Иіс сезу жүйесі ауалы ортадағы иісті заттардың бар екендігін анықтауға 
мүмкіндік береді. Оның қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде 
орналасқан. Адамдарда иіс сезгіштердің жалпы саны 10-20 млн-ға жетеді.
Иістердің жіктелуі. Қазіргі кездегі парфюмерлердің айтуы бойынша 7 
топ негізгі иістер ажыратылады: 1) камфора иісі; 2) жұпар иісі; 3) гүл иісі; 4) 
жалбызды; 5) эфирлі; 6) ащы (күйдіргіш); 7) сасық (шіріткіш) иіс. Қазіргі 
уақытта алуан түрлі иістерді сезу үшін арнайы бейімделген 
қабылдағыштардың да саны өте көп екендігіне ешқандай күман жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет