59
58
Ислам дінінен тараған түсінік бойынша, адамның жақсы
қасиеттері он нұрдан бастау алады екен:
1. Нұр садық – адалдық пен шындық
2. Нұр сабыр – табандылық пен шыдам
3. Нұр шəкір – қадір-құрмет
4. Нұр фəкір – өз қадірін түсірмеу
5. Нұр зəкір – келбетті болу
6. Нұр намаз – Құдайға құлшылық
7. Нұр ораза – қанағатшылдық
8. Нұр иман – имандылық пен сенім
9. Нұр садақа – қайырымдылық
10. Нұр пəк жан – тазалық.
Осы қасиеттердің бəрі бойына жинақталған адам ұшпақ-
қа шықпақ. «Фəниден бақиға өту немесе бұл дүниеден қайту
дегеннің өзі бір пішіннен екінші пішінге ауысу, жанның бақи
дүниеге өтіп, нағыз нұрға айналуы» (Ақпанбек Ғ., 1993-47).
Нұр – қазақи пəлсафада мəңгілік нəрсе, оған адамның
ақылы жетпесе керек. Яғни, əлі танылмаған құпия.
Күн жəне үлкен күн – от, ежелгі мифтерде космогенездегі
ең алғашқы материал ретінде көрсетіледі. Мысалы, Скан-
динавия мифтерінде əлем су мен оттан жаралады. Кейбір
эсхатологиялық мифтерде əлемді жоюшы күш ретінде көрі-
неді. Қиссада от екі кейіпте. Бірі эсхатологиялық («Қисас-ул
əнбиа»), мысалы, Жер адамдардың ауырлығын көтеретінін
айтып мақтанса, от ашуланса, жер-дүниені өртеп жібереті-
нін мақтан қылады. Екіншісінде от – күн (кішкентай от),
жұлдыз нышаны ретінде, сұлу қыздардың бейнесін жасауда
жиі қолданылады.
Ежелден от пен су тақырыбы қарама-қарсы күштердің
айқасы ретінде, соғыс бейнесінде алынған (Орхон ескерт-
кіштері): «От – су қылмадым» – «елімді бірлікте ұстады»
(Жолдасбеков М., 1986). Грек аңыздарында оттың шығу
тегі туралы да айтылады, оны адамдарға Прометей, Əмірен
сияқты жасампаз қаһармандар əкеліп береді.
Достарыңызбен бөлісу: