Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет380/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   446
Туған жер – белгілі бір тұлғаның д‰ниеге 
келген ортасы, географиялық атау мен қазақ 
баласының туып-өскен мекенінің жиынтық 
формасы. Яғни Туған жер – кіндік қан там-
ған жерҚазақ тілінің фразеологиялық сөзді-
гінде туған жер жайлы фразеологизмдердің 
саны өте көп емес. «Кіндік кесіп, кір жуған 
жер» немесе керісінше «Кір жуып, кіндік кес-
кен жер» деп алынады. Адам дене м‰шесін-
дегі ең қасиеттісі кіндік. Кіндік қастерлі. Кін-
дік кесу тіркесінің туған жер ұғымымен аста-
сып жатуының өзі сол қасиеттілігінде. Адам 
баласы жерге шыр етіп д‰ние есігін ашқаннан 
кейін оның анасымен байланыстырып тұрған 
м‰шесі кесіледі. Кіндік – о д‰ние мен бұл 
д‰ниені жалғастыратын көпір ретінде орасан 
қызмет атқарады. Кіндік кесу осындай қасиет-
терінің негізінде ‰лкен символдық мәнге ие
болған. Қазақ халқының салт-дәст‰рінде кін-
дікті тек қадірлі, сыйлы әйел ғана қиған. Ал 


304 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
сәби шетіней берсе, оның кіндігін ер адам киіз 
‰йдің табалдырығында балтамен кескен. Ке-
сілген кіндікті қастерлеп табалдырықтың ас-
тына көмген. Мұндағы ер адам – бастама-
ларды ұйымдастырушы, ал табалдырық – тө-
менгі өмір символы. Қазақ ұғымында табал-
дырықты баспау, қадір тұту салты бар. Сон-
дықтанда кіндік те адам аяғы тимеймін аса 
қадірлі жерге сақталынған. Табалдырықты 
баспа деген сияқты тыйым сөздер сондай ұғым-
нан пайда болған. Кіндіктің қазақ ұғымында 
терең мәнге ие болғанын ел ішіне тараған 
тұрақты сөз тіркестерінен байқауға болады. 
Мысалы: кіндік кесіп, кір жуған, кіндік та-
мыр, кіндігінен жарады, кіндігінен байланған, 
кіндік шеше, кіндігі бір деген тіркестер осы-
ның айғағы. Бұл турасында ақын Әкірам 
Ғалымов «Туған жер – “шырылдап тар құр-
сақтан т‰скен жер” – дейді.
Ақын-жазушылардың тілдік д‰ниетаны-
мындағы «туған жермен қоштасу» концептісі 
стереотиптік адами танымдар арқылы жасал-
ған. Қазақ ұлтының концептуалдық танымын-
да туған жермен табысу, туған жермен қош-
тасу адамның белгілі бір өмір с‰ру кезеңдері-
мен бірге сипаттала отырып, қандай да бір 
бағалауыштық өлшемге ие болады. Өзі өмір-
ден өтіп бара жатса да, болмаса өзге елге кетіп 
бара жатса да туған жерімен қош айтысқан 
адам өзінің артында қалып бара жатқан туған 
жерінің амандығын тілейді. Оған қош аман, 
аман бол тіркестері негіз болады. Ақын тілін-
де қолданылған Аман бол, Қосжарсуат туған 
жерім, Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім. 
Жем беріп арғымаққа желе жортып, Жыл-
қыны бұрқыратып қуған жерім. Қайырып 
қаршығаны салған жерім, Қырғауыл мен 
қоянын алған жерім, Аман бол, қызық қоңы-
рау, шеңгелдерім, Шалбарсызды қылушы ең 
өрім-өрім сияқты когнитивтік бірліктер аста-
рынан туған жерімен қоштаса отырып, бала-
лық, жігіттік шағымен, жігіттік шағында құр-
ған қызығымен қоштасқанын көруге болады. 
Бұл тіркестер тілдік тұлға танымына тән, оның 
ұлттық болмысы мен ұлттық д‰ниетанымын 
бейнелейтін фреймдер болып табылады. 
«Туған жер» лексемасын қолданғанда мін-
детті т‰рде адамның өзіне меншіктеу қасиеті-
нің басымдығын көруге болады. Ондай сөз-
дерді өз есімдігінің тіркесіп келуінен айқын 
аңғаруға болады. Тілімізде мұндай мақал-
мәтелдердің саны біршама. Мәселен: Ел-елдің 
бәрі жақсы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет