Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет431/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   446
344 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
палдастық болмайынша, ол ел дамудың жо-
ғарғы сатысына көтеріле алмайтындығы да 
анық. Өркениеттің көшіне ілесе алмай жатқан 
тілдер қаншама. 
Тілді оқытуда интегралдық бағыт бар. Бұл 
пәнаралық бағыт қана емес, ғылымның, өнер-
дің, яғни ұлттық мәдениеттің синтезі. 
Б‰гінде мемлекеттік тілді, орыс тілі мен 
шет тілін меңгеру заманауи қоғамда адамның 
жеке және кәсіби әрекетінің ажырамас бөлі-
гіне айналып отыр. Мұның барлығы қоғамда 
бірнеше тілді тәжірибелік әрі кәсіби деңгейде 
меңгерген мамандардың тек әлеуметтік қана 
емес, сондай-ақ кәсіби тұрғыда айтарлықтай 
мәртебеге ие болатын көптеген артықшылық-
тарды көрсетіп отыр. Жастардың әмбебап әрі 
жаһандық құндылықтарға қос тілде беттеу-
лерінің бірден-бір мақсаты да – көрші мәде-
ниет өкілдерімен әлемдік кеңістікте өзара қа-
рым-қатынас жасауға ұмтылу. Осындай та-
лаптар кәсіби мамандарды дайындауда көп-
тілдік білім беруге асқан ден қоюға тура 
келтіріп, мәдени әлемімізде маңызды құралға 
айналып отыр. 
Көптілді білім берудің немесе көпмәде-
ниетті тұлға қалыптастырудың мақсаты – 
көпұлтты әрі көпмәдениетті ортада белсенді 
өмір салтын ұстанатын, өзге мәдениеттерді 
т‰сініп, оған сыйластықпен қарап, өз мәде-
ниеті мен тілін мансұқтамайтын тұлға қа-
лыптастыру. Негізі мәдениетті қоғам қалып-
тастырады, ал тілсіз қоғам жоқ. Сондықтан
ғалымдардың б‰гінде айтып ж‰рген тіл мә-
дениеттің бір бөлігі ғана, адам мәдениетін 
білдірудің бір формасы ғана деген пікірлері 
негізсіз. Тіл ұлттың б‰тін бір құндылығы. 
Тілде б‰тін бір халықтың тарихы, оның ты-
ныс-тіршілігі, жан сезімі, діні мен ділі, ша-
руашылығы мен дәст‰рі жатады. Демек, тіл - 
тек коммуникативті құрал ғана емес, сонымен 
бірге адам болмысының, оның мәдениетінің 
көрінісі. Керісінше, мәдениет тілден тысқары 
өмір с‰ре алмайды. Тіл - тек денотативті (бел-
гі, сигналдық) коммуникация құралы ғана 
емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі 
әлеуметтік - мәдени, идеологиялық мәні бар) 
құрал. 
Шет тілдерін ‰йрену арқылы адам әлемдік 
тарихтан тікелей сусындап, оған қоса өзінің 
ұлттық мәдени тарихының қайталанбас ға-
жаптығын сол ұлттың мәдениетімен салысты-
рып, таным көкжиегін кеңейтеді.
Қазіргі жанталасқан жаһандану уақытында 
әлем мен қоршаған орта жылдам өзгеруде. 
Өркениеттің мақсаты мен қисыны да осы 
жаһанданып, өндірістен кейінгі қоғамға көшу 
болып отыр. Яғни, техникалануды да артқа 
тастап, әлем интеллектуалдық және ақпа-
раттық технологияны бағындыруға ұмтылуда. 
Сондықтан, ұлттық құндылықтарымызды ба-
ғамдап, оқытудың әдіс-тәсілдерін қайта қарап, 
ұлттық тұрғыдан ретрозерделеу керектігін 
ескеруіміз қажет. Ретрозерделеу дегенде, мә-
дени ақпараттар аясында ұлттың салт-дәст‰р, 
әдет-ғ‰рып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және 
өнер, білім т.б. деңгейін мәдениет субъекті-
сінің өзіндік санасында жанды рухани д‰ние 
ретінде бағамдату көзделуі тиіс.
Көптілді білім беруде тіл ‰йренушінің бел-
сенділік, өзін-өзі басқару, білімді өздігінше 
алу, яғни «тілді ‰йрету м‰мкін емес, оны тек 
‰йренуге болады» қағидасын ұстану қажет. 
Кез келген тілді оқытуда тіл ‰йренушіге ана 
тілі негізгі таяныш болады. 
Көптілді тұлғаның санасын дамытуда сөй-
леуді дамыту алгоритмі; ойша, ауызша-жаз- 
баша дағдылар қалыптастыру қажет. Сөздің 
сыртқа шығуы ой арқылы іске асса, мұнда 
‰йренушіге сыртқы ортасының ықпалы бар. 
Бұл ықпал тілдік тұлғаны коммуникациялық 
әрекеттен бастап, шешендік өнерге (рито-
рика), сөйлеу мәдениетіне тәрбиелейді.
Сонымен, тіл дегеніміз – деңгейлік ж‰йе. 
Тілдің прагматикасы, сөйлеу – қарым-қатынас 
‰дерісі ‰йреніп жатқан тіл арқылы ойды біл-
дірудің жаңа құралдарын меңгеруді көздейді.
Білім ж‰йесіндегі болып жатқан өзгерістер 
оның мазмұнын жаңартумен, қазіргі заманғы 
еңбек нарығы талабына сай кәсіби мобилді, 
коммуникативті қабілетті және шығармашы-
лық тұрғыда ойлай білетін мамандардың тіл-
дік құзіретін дамытуға жағдай жасауда. Бұдан 
жастардың көрші мәдениет өкілдерімен әлем-
дік кеңістікте өзара бірлесе жұмыс жасай 
алатын қабілеті қалыптасады.
Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі-
мен қатар, ұлтаралық қатынас құралы ретін-
дегі орыс тілі және ағылшын тілінің де маңыз-
дылығы даусыз болып оытрған тұста, біз бұл 
мәселені айналып өте алмаймыз. Тіліміз өзге 
тілге тәуелді осындай эмансипациялылықтан 
арыла алмай отырған кезде, шешуші қадамдар 
жасалуы тиіс. Ол ‰шін ұлттық элитология жа-
сақталуы керек. Бұлар ұлтын с‰йетін, сол




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет