Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет63/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 51 
насы жағынан орайлас жатқан сөздердің бел-
гілі бір дәнекерлер, тәсілдер арқылы байла-
нысқа ену заңдылығы болып табылады. Сөй-
лем құрамына енген сөздердің қайсысы 
болмасын осы аталған заңдьшықтар негізінде 
ғана өзара тіркеске т‰се алады. Мәселен, біз 
әңгіме етіп отырған етістік іс-әрекетті білді-
ретін сөз табы ретінде өзінің лексикаграм-
матикалық мағынасына, жалпы категориял-
дық мағынасына орай сөздердің барлық т‰р-
лерімен емес, олардың ішінен зат есімдермен, 
‰стеулермен, көсемшелермен, елікгеу сөздер-
мен т.б. ғана тіркеседі, өйткені бұлар мағы-
насы жағынан жақын жатқан, теңін тапқан 
сөздер. Мағынасы жағынан орайласып, теңін 
тауып тіркесу сөз тіркесі ‰шін аса қажетті 
белгі, бірақ оларды байланысқа т‰сіретін бел-
гілі амал, тәсілдер бар [3]. 
Етістіктер мағынасы жағынан орайлас жат-
қан саздермен әр т‰рлі тәсілдер арқылы бай-
ланысқа т‰седі де, соның негізінде соз тір-
кесінің белгілі бір байланысу формасы (типі) 
жасалады, нақтылай айтқаңда, меңгеру, қа-
бысу.
Табыс септігінің пысықтауыш қызметін 
атқарудан біртіндеп арылып, бірыңғай тура 
толықтауыш қызметін атқаруға көшуі, соған 
орай оның сабақты етістіктермен тіркесетін-
дей болып ж‰йеленуі етістіктердің меңгеруін 
қалыптастырды. 
Етістіктермен меңгеріле байланысты, әр 
т‰рлі қарым-қатынаста жұмсалатын сөздер – 
есімдер. 
Есімдер етістікке қатысты болып меңге-
ріле байланысу ‰шін табыс, барыс, жатыс, 
шығыс, көмектес жалғауларының бірінде ай-
тылады. Бұл жалғаулар – есімді етістіктермен 
ұластырушы ғана емес, сөздердің синтаксис-
тік қызметтерін саралайтын да тұлғалар мең-
герудің етістікті сөз тіркесін құрауда мәні 
ерекше. 
Қозғалыс әрекетінің бағыт, бағдары мен 
тірелер орнын білдіретін етістіктер барыс 
жалғаулы сөздерді жетегіне алып, меңгеріле 
байланысқан сөз тіркестерін құрайды. Мұндай 
сөз тіркестері тіркес құрамындағы сөздердің 
мағыналық ерекшеліктеріне қарай толық-
тауыштық жене пысықтауыштық қатынаста 
жұмсалады. Толықтауыштық қатынаста жұм-
салатын сөз тіркестерімен салыстырғанда пы-
сықтауыштық қатынаста қолданылатын сөз 
тіркестері тілімізде жиі қолданылады, соған 
орай мағыналық жағынан алуан т‰рлі болып 
келеді. 
Объектілік қатынаста жұмсалатын барыс 
жалғаулы сөз тіркестерінің бағыныңқы сы-
ңарлары толықтауыш қызметін атқаратын сөз-
дер болып келеді. Сондықтан да толықтауыш-
тық қатынастағы сөз тіркестерінің бағыныңқы 
сыңарларында, негізінен, адам тақырыптары 
не солардың орнына ж‰ретін есімдіктер болып 
келеді де, басыңқы сыңарлары осылармен 
мағыналық жағынан орайлас жатқан қозғалыс 
мәнді етістіктер болады. Мұндай қатынаста 
жұмсалатын сөз тіркестерінің мағыналары, 
негізінен, мынадай: 
1. Қозғалыс әрекетінің кімге, неге бағыт-
талғандығын білдіреді. Мысалы, баласына 
келді, әкесіне барды, Абайең алдымен әжесіне 
келді (Әуезов). Мұндай сөз тіркесі құрамын-
дағы барыс септігі қозғалыс әрекетінің тірелер 
орнын атап көрсетеді. 
2. Қозғалыс әрекетінің бағыт, бағдарын 
білдіретін етістіктердің бірқатары барыс жал-
ғаулы сөздермен тіркесіп, аттану, жорыққа 
шығу, тартысу мағынасында қолданылады. 
Мысалы: жорыққа аттану, соғысқа бару, 
куреске тусу. Жорыққа аттандырған ба-
рымтаға т‰сетін құмалақ бұларға да т‰сер 
еді (Әуезов). 
3. Қозғалысқа т‰скен заттың адресатын 
білдіреді. Мысалы: Жолдас Муратбаевтың 
атына арнаулы телеграмма жіберілді (С.Қ.). 
4.  Соқтығу, тию, суріну, с‰йену, жамбас-
тау, жантаю тәрізді қозғалыс мәнді етіс-
тіктер барыс жалғаулы сөздермен тіркесіп, 
қақтығыс пен с‰йкеніске т‰скен заттарды атап 
көрсетеді. Мысалы: кәрілерге соқтықты, тас 
итке тиді, ағашқа с‰рінді. 
5. Пысықтауыштық қатынаста ж‰мсалатын 
барыс жалғаулы сөз тіркестері тілімізде аса 
жиі кездеседі. Мұндай қатынаста келетін сөз 
тіркестерінің бағыныңқы сыңарларыңда зат 
есім, есімдік, т‰йық етістік, көмекші есімдер 
қолданылады. Мысалы: Аздан соң қуз басына 
ереуілдеген жаяулар шықты да, ойдағы 
жиынға қарады (Әуезов). 
Пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын 
барыс жалғаулы сөз тіркестері мынадай мағы-
наларда жұмсалады: 
1. Көлемдік. Мұндай мағынаны білдіретін 
сөз тіркестері жер, көл, аспан, жол, ‰й, қасы, 
жаны тәрізді көлемдік ұғымы бар сөздердің 
қозғалыс мәңді етістіктермен тіркесуі арқылы
жасалады. Мысалы: сол жерге бару, көлге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет