Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Аллаһ расулының исламды бәну



Pdf көрінісі
бет44/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   349
Аллаһ расулының исламды бәну 

Амр мен бәну Мухариб тайпаларына 

насихаттауы

Пайғамбарымыз алғашқы үш жылда уағызды жасы-

рын жүргізді. Төртінші жылы ашық уағыздай бастады, 

бұл он жылға созылды. Уағызды адам көп жиналатын 

жәрмеңкелерде, қажылық кезеңдерінде жүргізетін. Хақ 

тағаланың әмірлерін жеткізу жолында Укказ, Мәжанна 

және  Зулмәжаз  жәрмеңкелеріне  барып,  қажылардан 

өзіне көмек сұрап, қайтарымы ретінде жұмақ берілетінін 

айтатын. Тайпаларды, елдерді аралап жүріп, ой-пікір-

лерін  сұрайтын,  алайда  үддесінен  шығатын,  мүддесін 

түсінетін саналы адам таба алмайтын. 

Бірде Бәну Амр тайпасына соғады. Өкінішке қарай, 

пайғамбар осыған дейін тартпаған азапқа тап болады. 

Олар  Пайғамбарымызға  жан-жақтан  тас  лақтырып, 

жерлерінен қуады. Бұл жерден Пайғамбарымыз Бәну 

Мұхарибке  жол  тартады.  Бәну  Мұхарибте  жасы  жүз 

жиырмаға  келген  бір  кісі  бар  еді.  Аллаһ  расулы  сол 

кісімен сөйлесіп, оны Исламға шақырады. Тіпті елді 

дінге тарту үшін көмек те сұрайды. Бірақ ол Исламды 

қабылдамақ  тұрмақ:  «Ей,  атышулы  адам!  Қауымың 

сенің  айтқандарыңды  жақсы  біледі.  Саған  сеніп  елі-

99

  әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/427 (18852)




74

Сахабалар салған сара жол

не  қайтқан  адам  қажылардың  арасында  ең  жаман  іс 

жасап қайтқан адам болып саналады. Басқа еш нәрсе 

айтпаймын. Менен аулақ жүр», – деп күтпеген мінез 

танытады. 

Ол Пайғамбарымызға еттен өтіп, сүйекке жететін, 

бас жарып, көз шығаратын осы сөздерді айтып тұрған 

кезде, артынан Әбу Ләхаб шыға келеді. Әбу Ләхаб қайда 

барса да, пайғамбардың ізінен қалмай, оны тұқыртудың 

оңтайлы сәтін құр жібермейтін. Әбу Ләхаб әлгі қыңыр 

шалдың  қолын  алып:  «Қажылық  кезінде  осында 

жиналғандардың  барлығы  сен  сияқты  бетін  қайтарып 

тастаса, Мұхаммед бұл тірлігін қояр еді.  Ол ата-бабасы 

ұстанып келген дінді тәрк еткен өтірікші», – дейді.

Шал:  «Туысқаныңның  сыры  бізден  гөрі  өзіңе 

жақсырақ мәлім ғой. Ей, Әбу Ләхәб! Мұхаммед, сірә, 

жынданған  сияқты.  Бізде  ондайларды  жазатын  емші 

бар», – дейді. Әбу Ләхәб оған жауап бермейді

100





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет