Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың Кағыбұлдарын



Pdf көрінісі
бет47/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   349
Пайғамбарымыздың Кағыбұлдарын 

исламға шақыруы

Абдуррахман 

әл-Амири 

өз 


қауымының 

ақсақалдарынан естігендерін былай жеткізеді: 

«Укказ  жәрмеңкесінде  Аллаһ  расулы  бізге  келіп 

кім екенімізді сұрады: 

–  Амир ибн Сасағаұлдарынанбыз. 

–  Қай Амирұлдары? 

–  Кағыб ибн Рабияұлдары. 

–  Көмек  пен  қолдау  сұрағандарды  қорғап-

қолдайтындай  күштерің  бар  ма?  –  деп  сұрайды 

Пайғамбарымыз. 

–  Біздің жағымызда болған адамға ешкім тиісе ал-

майды, – дейді олар. 

–  Мен  Аллаһтың  расулымын.  Раббымның 

бұйрықтарын  уағыздауым  үшін  сендерден  жәрдем 

сұрап келдім. Ешқайсыңды қыстап, қинамаймын да, – 

дейді Пайғамбарымыз. Олар сонда Пайғамбарымызға: 

– Құрайыштың қай тайпасынансың? – дейді. 

–  Абдулмұтталибұлдарынан.  

–  Абду  Мәнәбұлдарымен  байланысың  қалай? 

Олармен  ара-қатынасың  жақсы  ма?  –  деп  сұрайды 

олар.

–  Олар  мені  өтірікшіге  балап,  ит  қосып  қуды,  – 



дейді Аллаһ расулы (с.а.с.). Сасағаұлдары: 

102


 Әбу Нуайм, Дәләил 1/259


79

Аллаһ пен расулына шақыру

–  Біз  сені  қумаймыз,  бірақ  пайғамбарлығыңды 

мойындамаймыз.  Алайда,  дініңді  уағыздауыңа 

көмектесеміз, – дейді. 

Бұдан кейін Расулаллаһ 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 солардың 

қасында болады. Сасағаұлдары өз шаруасымен айналы-

сып сауда жасап жатқанда, Бүжра ибн Қайс әл-Құшайри 

деген біреу келіп: 

–  Мына қастарыңдағы адам кім? Танымадым ғой, 

– деп сұрайды. 

–  Мұхаммед  ибн  Абдуллаһ  әл-Құрайши,  –  дейді 

олар. 


–  Бұл кісі сендердің қастарында не бітіріп жүр? 

–  Бізге  өзінің  Аллаһтың  елшісі  екендігін  айтып, 

дінін уағыздау үшін қолдау көрсетуімізді өтінді, – дей-

ді. 


–  Сендер оған не деп жауап бердіңдер? 

–  Жарайды, кел. Елімізге апарамыз, сені қорғаймыз, 

– дедік. Бұны естігенде Бүжра қатты ашуланып: 

–  Мына  жәрмеңкеден  дәл  сендер  сияқты  ессізді 

көрмедім. Егер Мұхаммедке қолдау білдірсеңдер, жап-

пай  халықтың  наразылығына  ұшырайсыңдар,  бүкіл 

арабтар сендермен жауласып шыға келеді. Өз қауымы 

оны  сендерден  жақсы  біледі.  Егер  Мұхаммедтен  бір 

жақсылық күтетін болса, өздері-ақ баяғыда қанаттыға 

қақтырмай қорғар еді. Туған жұрты сыйғызбай арала-

рынан қуған адамның айтқанына сеніп, оны паналатып, 

көмектеспекшісіңдер  ме?  Не  істеп  отырғандарыңды 

білесіңдер  ме?!  –  деп  дүрсе  қоя  береді.  Сосын 

Расулаллаһқа (с.а.с.) қарап: 

–  Тұр,  өз  қауымыңа  бар.  Мыналардың 

қамқорлығында болмағаныңда саған көресіні көрсетер 

едім, – деп кіжінеді. 



80

Сахабалар салған сара жол

Расулаллаһ ләм-мим демей түйесіне мінеді. Бүжра 

Пайғамбарымыздан  құтылуға  асыққандай  түйенің 

бүйірін  әдейі  қаттырақ  түртіп  қалады.  Мұндай  оқыс 

әрекет,  шалт  қимылдан  түйе  мөңкіген  кезде,  қамсыз-

қаперсіз  отырған  Пайғамбарымыз  ауып  түседі.  Мек-

кеде  Исламды  қабылдаған  әйелдердің  бірі  Амр  ибн 

Құрттың  қызы  Дубаға  сол  жақтағы  туысқандарына 

қыдырып  келген-ді.  Пайғамбарымызға  жасалған 

қиянатты көріп шошыған ол: «Әй, Амирұлдары! Мен 

үшін енді Амирұлдары жоқ! Өңшең ез, қоян жүрек не-

мелер! Көз алдарыңда Аллаһтың расулына не жасалып 

жатқанын  көре  тұра,  ешқайсысың  оған  көмектесуге 

жарамадыңдар!» – деп айғай салады. 

Мына сөзге шыдамаған Дубағаның көкесінің бала-

ларынан үш адам тұрып, Бүжра мен оған көмектескен 

екі адамға қарай тұра ұмтылады. Қолына түскендерін 

жерге алып ұрып, соққының астына алады. Сонда Аллаһ 

расулы (с.а.с.): «Аллаһ тағалам! Мыналарға қайыр мен 

береке бер, ал аналарға лағынет жаудыр!» – деп дұға 

етеді. 

Расулаллаһқа көмектескен сол үш адам мұсылман 

болып, дін жолында шейіт болды. Ал қалған үшеуі ра-

сында да лағынетке ұшырады»

103





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет