Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі


Сын есімнің жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет25/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Сын есімнің жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері:
– сөзтізбеде сын есімнің шырай формалары жеке-жеке берілді. Күшейтпелі 
шырай көрсетілді: ап-аман, өп-өтірік, тап-тарғыл; салыстырмалы шы-
рай сақталды: шалғайлау, кішілеу, толығырақ, шағынырақ, шалғайырақ. Ал 
аналитикалық тəсілмен жасалған асырмалы шырайдың өте əдемі, аса биік 
сияқты формаларындағы əр компонент жеке-жеке түбірге келтіріліп, өте/үс,
аса/үс, əдемі/сн, биік/сн түрінде жиілігі бөлек саналды;
– ған, -ген, -қан, -кен есімше формасы арқылы етістік негізінен жасалған 
сындық мағынаны білдіретін сөздер сын есім ретінде таптастырылды: антұрған, 
туған, арбиған-арбиған, қуарған, имиген, кербаққан, қатқан, т.б.;
– мың, миллион сан есім негізіне жалғанған -даған, -деген  формасымен кел-
ген мыңдаған, миллиондаған сөзі сандық мəнінен алшақтап, ‘қаптаған, көп’ деген 
сындық ұғымға ойысқанын мəтіндер базасындағы қолданысы көрсетті, сондықтан 
сөзтізбеде осы сөздер сан есім ретінде леммаланып кетті


35
– есімдіктерге -дай, -дей теңеу мəнді қосымшаларының жалғануы арқылы 
жасалған сөздер лексикаланып, сапа ұғымын білдіретіндіктен, сын есімдерге тап-
тастырылды: осындай, андай-мұндай, сондай т.б.;
– қасқабас үйрек сияқты күрделі атаулардағы анықтаушы компонент қасқабас 
сөзі бірге тұлғаланғандықтан олар сөзтізбеде сын есім ретінде таптастырылды;
– қоснүкте арқылы берілген сын есімдік мағынадағы тіркес сөздер бір сөз та-
бымен берілді: тыр: тыр жалаңаш; тыр: тырдай жалаңаш;
– кейбір диалектілер сөзтізбеден орын алды: самсақ (самсаған), пешеттеуші 
(мөр қоюшы) т.б.;
– кейбір универбтенген фразеологизмдер бір ғана сипатты білдіретіндіктен
əрі мəтінде бірге таңбаланғандықтан, олардың орфографиялық сөздікте берілген 
бөлек таңбалану орфограммасы мəтіндерде кездеспегендіктен, сөзтізбеде де бір 
сөз ретінде жазылды: қараборбайқарасирақ
– жалпы есімдерге сын есім тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған со-
ветизмдер көрініс тапты: марксшіл, сталиндік т.б.
– əдетте алдында қандай да бір анықталушының болуын міндетті түрде талап 
ететін, əрі онсыз жалаң қолданыла алмайтын етістік түбірге болымсыз -сыз, -сіз 
формалы сөздер сын есімдер категориясында берілді: жеткісіз, бергісіз, көргісіз;
– бірге жазылуға сұранып тұрған, мəтіндерде екі түрлі – бірде бөлек, бірде 
біріктітіріліп жазылған, бірақ орфографиялық сөздікте бөлек тұлғаланатын сын 
есімдер қос нүкте арқылы берілді: қара: қара кесек; сан: сан түрлі;
– сөйлеу тіліндегі сингармофонетикалық варианттар сақталды: сүп-сүркей 
(сұп-сұрқай);
– бала тіліне тəн қолданыстар кездесті: əйей/сн;
– дағы, -дегі функционалды жұрнақтары арқылы жасалғанымен (сондағы, 
ағымдағы, алдындағы, жоғарыдағы, жылдағы, қатардағы, маңайдағы, ойдағы) 
қатыстық сапа мағынасында тұрақты қолданысқа ие болған сөздер сын есім 
ретінде берілді;
– қос сөздер қатарында -у тұлғасымен келген, детерминанттылығы күшті, 
яғни анықталушының болуын міндетті түрде талап ететін, жалаң түрде 
қолданылмайтын кейбір күрделі сөздер сөзтізбеде сын есімдер категориясында 
берілді: тарихи-ағарту/сн, спорт-сауықтыру/сн;
– бұрынғы мəтіндерде сол кездің орфограммасымен жазылған сөздер ескіше 
тұрпатын сақтады: алфавиттік/сн (қазір: əліпбилік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет