Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі


) ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІ ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬ МƏТІНДЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
3) ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІ ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬ МƏТІНДЕРІНІҢ 
ЖИІЛІГІ. Сөздіктің осы түрінде əрбір стильге тəн болған сөздердің жеке 
жиілгі үш түрлі типте берілді. Яғни ғылыми, ресми-іскери, көркем əдебиет, 
публицистикалық, сөйлеу стильдері мəтіндерінің əліпбилі-жиілік, жиілікті-
əліпбилі жəне керіəліпбилі-жиілік сөздіктері топтастырылды. Бұл əсіресе оқулық 
авторлары үшін таптырмас қосымша құрал болмақ, себебі жекелеген стильге тəн 
мəтін құрастыру үшін оның өзіндік сөз бедерін, лексикалық ерекше құрамын 
сақтау аса қажет, ал жиіліктегі сөздерді қолдану бұған көмегін тигізеді.
4) ОРТАҚ БАЗА (БАРЛЫҚ СТИЛЬДЕРДЕН ТЕҢГЕРІМДІ ТҮРДЕ 
ҚҰРАЛҒАН) МƏТІНДЕРІНІҢ ЖИІЛІГІ. Ортақ база мəтіндерінің жиілігі
стильдер бойынша үлестірілім сөздікте де, сол сияқты өзі жеке де берілді. Өзін жеке 


31
алғандағы мақсат барлық стильдерден теңгерімді түрде аралас жинақталған зама-
науи мəтіндердің ауқымды базасынан жиілікті көру. Сонымен бірге осы базадан 
қазіргі қоғамдық-экономикалық, қоғамдық-əлеуметтік лексикалық бірліктердің 
белсенділігін аңғару оңай, себебі оның базасы қоғамдық-гуманитарлық
əлеуметтік-экономикалық дискурс мəтіндеріне негізделді. Төмендегі кесте-
ден əрбір стиль жəне ортақ база мəтіндерінен алынған жиілік сөздіктердің 
сөзтізбесіндегі сөз санын жəне жалпы абсолютті жиілікті көруге болады. 
5-кесте.
Қазақ əдеби тілінің функционалды стильдері жəне ортақ
база мəтіндерінің жиілік сөздігі (15)
Сөзтізбедегі 
сөздер саны
1 рет 
қолданылған сөз 
саны
Жалпы
абсолютті
жиілік
Ғылыми стиль
22 159
4 965
1 776 024
Іскери стиль
7 488
1 804
465 324
Көркем стиль
12 289
3 146
435 033
Публицистикалық стиль
15 079
4 132
502 352
Сөйлеу стилі
9 370
2 627
301 619


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет