Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Е.Қажыбек


8
СӨЗДІКТІҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН СТАТИСТИКАСЫ
1. СӨЗДІКТІҢ МАҚСАТЫ
«Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» ең алдымен мемлекеттік 
тілді оқытуда, оқулық, оқу құралдарын, оқу сөздіктерін, тілдік (лексикалық, 
грамматикалық) минимумдарды ғылыми негізде жасауда аса қажетті осы сипат-
тағы еңбектердің ішінде омонимдердің ажыратылғандығымен, мəтіндік базасы-
ның ауқымдылығымен ерекшеленетін тың тілтанымдық-лексикографиялық 
еңбек болып табылады. Сонымен бірге сөздік морфологиялық, фонетикалық ду-
блет, жарыспалы сөздердің қай нұсқасын əдеби нормаға алуды анықтауда, кірме 
сөздер, терминдер, неологизмдердің тілдің жалпыхалықтық лексикадағы ор-
нын анықтауда, басқа да түрлі сөздіктер жасауда, лексикографиялық теориялық 
мəселелерді шешуде, тілдің лексикалық байлығы мен стильдік ерекшелігін, түрлі 
стильдердегі сөзқолданыс сипатын анықтауда, типологиялық зерттеулер жүргізуге 
керек материал жинауда, сөздер мен сөз таптарының статистикалық деректерін 
алуда бірден-бір қажетті құрал болып табылады.
Сөздіктің негізгі мақсаты – тілдегі белсенді сөздік қор шегарасын, сол арқылы 
қазақ тілін, əсіресе екінші тіл ретінде үйренетіндерге арналған тиімді оқулықтар 
мен оқу құралдарын, оларға база болатын лексикалық-грамматикалық минимум 
əзірлеуге қажетті лексикалық материалды анықтап беру.
Бұл Сөздікте қазақстандық оқушының бірінші сыныптан бастап мектеп 
бітіргенінше қарым-қатынасқа түсетін тілдік орта, тілдік жағдаяттарындағы мəтін 
түрлері мейлінше толық қамтылды. Дегенмен де оны тек мектеп қабырғасында 
игерілетін білім деңгейін ғана қамтыған мəтіндер базасындағы сөздік деуге 
келмейді, себебі, тілдік материалының көп бөлігін оқу дискурсындағы мəтіндер 
алғанымен, қоғамдық өмірдің алуан саласындағы күрделілігі жағынан оңайдан 
қиынға дейінгі əртүрлі сипат-мазмұндағы типі мен жанры алуан түрлі жалпы 
көлемі ауқымды мəтіндер қамтылды. Бұл мектеп қабырғасын аттаған баланың 
оны бітіріп шыққанша зияты мен тілдік қарым-қатынастағы білім-біліктілік-
дағдысы қоса жетіліп отыратынын ескерумен, қазақ тілін жетік түрде игерген 
тілдік тұлғаны қалыптастыруға, оны дамытуға қажетті бола алатын қоғамдық 
өмірдің сан қырлы саласындағы тілдесім əрекетіне тəн мəтіндерді барынша қамту 
ниетімен байланысты Сөздік базасының ерекшелігі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандар Сөздіктің оқу-білім ғана емес, қазіргі қазақ тілінен 
ақпарат іздеген ғылыми-зерттеулер саласында да құнды құрал бола алатынын 
көрсетеді. Себебі жиілік сөздіктің базасына алынған мəтіндер қазіргі стиль 


9
қоғамның сан саласында өмір сүріп отырған алуан түрлі тілдесім əрекетіне 
қатысты болуы арқылы тіліміздің бүгінгі тынысын, айырым ерекшелігін, онда 
орын алған заманауи трендтер мен тенденциялардан сандық көрсеткіштер арқылы 
дəйектелген мəлімет бере алады. Тілдегі құбылыс – санадағы өзгерістің бейнесі
санадағы трансформациялар тілде айнаға түскен кескіндей анық бейнеленеді, 
олай болса, Сөздік қоғамдық санадағы құбылыстарды зерттеушілер үшін де тап-
тырмас құрал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет