1.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі Топты ұйымдастырудың ережелері
1
Топтар әртүрлі жағдайда құрылады. Оқушылар өзінің достарымен бірге топ құруын өтінеді, кей жағдайда топтар іріктеп алынады. Ал кейде әр оқушының өзінің ерекше қасиеттеріне, қабілеттеріне қарай жекелей құрылады.
2
Жаңадан құрылған топтарда оқушылар бір-бірімен тіл табыса білуі, бір-біріне бейімделіп икемделуі талап етіледі.
3
Топ құрылғанда оқушылар бірлесіп жұмыс атқаруы тиіс. Топ қарқыны өзгеріп отырады, сол кезде оқушылар жұмысты түзетіп отыруға дайын болу керек.