Алматы 2020-2021 оқу жылы



бет1/12
Дата07.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#17221
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2-аралық бақылау тапсырмасы


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

2-аралық бақылау тапсырмасы

Орындаған: Әбсаттар Н. М.

Қабылдаған: Набуова Р. А.

Алматы

2020-2021 оқу жылы


1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну осы үшінші деңгей бағдарламасында айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Жеті модульдің

барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен

тығыз байланысты.


2.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Оқушыларға қатысты сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды қамтиды.

3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушы болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда қалыптастырушы бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

Мұғалімдер мектепте сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалануды білетін болады. АКТ пайдалану арқылы сабақ беру мұғалім үшінде, оқушылар үшін де өте тиімді.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында бірқатар аудандық, облыстық, өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Бірақта мұндай сайыстық құрылымдар оқушылардың таланты пен қабілетін өрістетіп одан әрі жетілдірудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы Үшінші деңгей бағдарламасының аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Бұл модуль осының алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен

тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға

бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының

оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен



оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты.

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Көшбасшылық тәсілі «Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы» қағидатына (Кембридж университетінің жобасы) негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері туралы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің сын тұрғысынан ойлана білу қабілетімен және «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулімен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет