Алматы 2022ж. Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет2/2
Дата15.10.2022
өлшемі27,67 Kb.
#43249
1   2
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
Қара қоңыр топырақ зонасы
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.
Қоңыр,сұр қоңыр топырақты зона
Қоңыр,сұр қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді. [1]
Әр топырақ зонасындағы топырақтың типтері болады.Қара топырақты зона типтері:а) сілтісізденген қара топырақ;ә)кәдімгі қара топырақ; б)қуаң даланың қара топырағы.
Қара қоңыр топырақ зонасының типтеріне:қуаң даланың қоңыр топырағы,қуаң даланың жай қоңыр топырағы,шөлейт жердің ашық каштан топырағы. [2]
Жалпы айтқанда, елімізде қара топырақ,қызғылт топырақ, қоңыр топырақ, сұрғылт топырақ түрлері таралған.

Қара топырақ түзілу үрдісі


Қара топырақ -жер бетіндегі ең құнарлы топырақ. Бұл дақылдарды өсіру үшін ең қолайлы, сондықтан мұндай топырақ өте құнды.
Оның қалыптасуы әртүрлі нюанстармен анықталады. Процестің өзі үлкен уақытқа созылады, 6-дан 8 мыңжылдыққа дейін.
Қара топырақтың басқа топырақтардан басты айырмашылығы-гумустың мөлшері, яғни оның құрамындағы қарашірік. Ол өсімдіктердің шіруі, жануарлар организмдерінің қалдықтары процесінде алынады.Өсімдіктердің көп мөлшерде болуы қара топырақтың тқалыптасуына ықпал етеді.
Қара топырақтың пайда болуының көптеген нұсқалары бар. Кейбір зерттеушілер оның теңіздер тартылып, содан кейін ыдырағаннан кейін қалған тұнбадан пайда болғанына сенімді. Басқалары жаһандық жылынудың нәтижесінде құрғаған ежелгі батпақтардың орнында пайда болды деп санайды. Тағы бір топ қара топырақтың болуы тікелей өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан деп санайды. Алғашқы екі нұсқасы қазіргі уақытта дәрменсіз болып саналады, өйткені ғалымдар, қарашірік өсімдік көп жерде пайда болатынын дәлелдеді.
Алайда барлық зерттеушілер қара топырақтың оңтүстк аймақтарда тез пайда болатынына,себебі жануарлар мен өсімдік қалдықтары күннің ыстығы мен жаздың ұзақтығында жылдам ыдырайтындығы жөніндегі пікірге саяды.
Негізінен, қара топырақ дала мен орманды-дала аймақтарында орналасқан, онда жер тегіс беткейге ие, құнарлы топырақтың жиналуына және жаңбырмен жуылмауына мүмкіндік береді.
Біздің планетада қара топырақ қоңыржай немесе қоңыржай континенталды климат басым жерлерде қалыптасады. Жазы ыстық және қатты жауын-шашыны бар бұл аудандардағы ауа-райы шөптердің өсуіне және өлуіне өте қолайлы, олар кейіннен ыдырап, қарашірікке айналады.
Еуразия аумағында қара топырақ Еуропаның оңтүстік-шығысында пайда болды, негізінен Украина, ол "қара топырақ"қорының тоғыз пайызын құрайды.
Топырақтың пайда болуының табиғи процестері дақылдарды өсіру үшін қолдануға және жерді өңдеу әдісіне байланысты өзгеруі мүмкін. Ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіру кезінде заттардың табиғи айналымы бұзылады. Олар қарашіріктен қоректік заттарды алады, сонымен қатар су мен жылу режимін бұзады, бұл бетінде қарашірік түзілуін баяулатады. [3]

Қара-қоңыр топырақ түзілу үрдісі


Қара -қоңыр топырақтардың пайда болуы, генезисі бұл аймақтың 
климатының құрғақшылығымен өсімдік дүниесінің әлсіз дамуымен байланысты екендігін В.В. Докучаев, М. Сибирцев дәлелдеген, ал В.А. Ковда қара-қоңыр топырақтарының пайда болуы қуаң даланың ойпаңды жазықтықтарында осыған дейінгі палеогидроморфты жағдайымен байланысты деп қараған. Қара-қоңыр топырақтары жіктеуін бірінші рет В.В. Докучаев жасаған: 
онда А қабатындағы гумус мөлшеріне қарай екі типше-күңгірт қара-қоңыр (4%) және ашық қара-қоңыр(2-3%) топырақтар бөлінген.
Қазір қара-қоңыр тип 3 типшеге бөлінеді: күңгірт (қою) қара-қоңыр (А да 
гумус 4-5%), кәдімгі қара-қоңыр немесе нағыз қара-қоңыр (3-4%) және ашық қара-қоңыр(2-3%) топырақтар. 
Типшелер мынандай тектерге бөлінеді: кәдімгі, кебірлі, сортаңданған, 
кебірлі –кермекті, карбонатты, терең сортаңданған, тұтасқан және шала 
дамыған. 
Қара-қоңыр топырақтар қасиеттері: гумус мөшері 1-дан 5%-ға дейін, 
катиондармен алмасу сиымдылығы 100 г топырақта 45 мг-экв-ке дейін. 
Топырақ ортасының реакциясы сілтілі, сілтілігі карбонатты қабатта артады. 
Қара-қоңыр топырақтары ауыл шаруашылығында (егін және мал 
шаруашылығы) кеңінен қолданылады. Олар игеріліп егістік алқапт құрамына кірген.Бұл топырақтарда біріншіден ылғал мөлшері тапшы болып келеді.
Сондықтан ауыл шаруашылығында тиымды пайдалану үшін ылғал мөлшерін арттыру және сақтау шаралары (қыста қар тоқтату, көктемде ылғалдың булануына жол бермеу, егістікте арамшөптерді бодлдырмау, топырақтытерең қопсытып аудармау) қатаң түрде жүзеге асырылуы тиісті.Сонымен қатар органикналық және минералдық тыңайтқыштарды, әсіресе фосфор 
тыңайтыштарын пайдалану, керекті жағдайларда азот тыңайтқыштарын 
қосып пайдалану керек. Топырақты жел және су эрозиясына шалдықтырмау шаралары да міндетті түрде игерілуі тиіс. [ 4 ]

Боз топырақ түзілу үрдісі


Боз топырақ -борпылдақ құрылымы мен ашық түсі бар топырақтың ерекше түрі. Топырақтың бұл түрін топырақтанушы Сергей Семенович Неуструев 1909 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекста елдеріне экспедициясы кезінде сипаттаған.
Бұл топырақтар биологиялық белсенділіктің жоғары деңгейімен сипатталады. Көп жағдайда бұл жағдай жоғарғы деңгейдің микроорганизмдермен қанығуымен байланысты (1 кг жерге 10 миллиардқа дейін бір клеткалы тіршілік иелері бар). Бұл организмдердің ішінде актиномицеттер мен спораларды құрайтын бактериялар басым.
Сарапшылардың пікірінше, боз топырақтар өте күрделі, ұзақ және даиупроцестің нәтижесінде пайда болды. Осы нұсқа бойынша, олар бірнеше рет белсенді ылғалдандыру кезеңінен өтті.
Тағы бір теория боз топырақ алдымен гидроморфты, содан кейін жартылай гидроморфты топырақ түзілу процесіне ұшырады деп сендіреді. Сонымен қатар, қарашіріктің жинақталуы өте қарқынды жүрді, гипс пен оған ұқсас химиялық жыныстардан қалған карбонаттар жиналды.
Топырақ түзілу шарттары:
Боз топырақ жауын-шашынның әр түрлі мөлшерінде пайда болады (Боз топырақтар құрғақ субтропикада жиі кездеседі)., олар 100-ден 500 мм-ге дейін өзгереді.бұл жағдайда булану деңгейі 1000-нан 1700 мм-ге дейін өзгереді. нәтижесінде топырақтың ылғалдану коэффициенті 0,12-0,33 дәлізінде болады. Негізінен жауын-шашын көктем мен қыста болады, жазда жаңбыр болмайды. Әлсіреген булану кезінде жауын-шашын жерді терең, 1- м- дейін, кейде 2 м-ге дейін ылғалдандыруға мүмкіндік береді.Дегенмен, жазда құрғау, соның салдарынан жерде су қалмайды.
Олардың қалыптасуы үшін көктем мен жаз арасындағы айқын контраст маңызды. Қарқынды биологиялық белсенділік ылғалды, жылы көктемнің аясында дамиды. Сероземдер үшін қышқылдық тән емес. Бұл топырақ жартылай шөлдер мен шөлдердің табиғи аймақтарында, соның ішінде тау бөктерінде жиналады.
Субтропикалық дақылдардан мақта отырғызылады. Сондай-ақ, қауындар, алқаптар, жүзім плантациялары өсіріледі. [ 5 ]

Тұзданған топырақтардың жаралуы (генезисі)


Топырақтың тұздануы деп – топырақ қабатында суда жеңіл еритін тұздардың өсімдікке уытты мөлшерде шоғырланып жиналуын айтамыз. Мұндай топырақтарға сор, сортаңданған, кебір және қайтара тұзданған топырақтарды жатқызуға болады.
Қазақстанда тұзданған топырақтардың жалпы аланы 93 млн га болса (жалпы пайдаланатын жер алаңының 43%), оның ішінде егістік жерлерінің 4,6 млн га тұзданған (жалпы егістік жер алаңының 19,4%) болып табылады.
Тұзданған топырақтар негізінде қуаншылық және қуан аймақтарда кездеседі. Мұндай аймақтарда жер бетінен ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшерінен жоғары болады және жақын орналасқан ыза сулары топырақтың қабатында тұздардың жиналуына жағдай жасайды. Климаты ылғалды аймақтарда жер бетінен булану қарқыны төмен болғандықтан шамалы жиналған тұздар түсетін мол жауын-шашын арқылы топырақ қабатынан шайылады.
Топырақтың жоғарғы қабатында және ыза суларында тұздардың жоғары мөлшерде шоғырлануы сол аймақта қалыптасқан белгілі жағдайларға тікелей байланысты.
Тұзданған топырақтардың қалыптасуы екі жолмен жүреді: Табиғи және антропогенді.
1) Табиғи жолы:
а) Тау жыныстарының мүжілуі салдарынан қомақты мөлшерде жеңіл еритін тұздар пайда болады. В. А. Ковданың деректері бойынша құрлықтан мұхитқа әр жыл 2735 млн т жеңіл еритін тұздар әкетілсе, мұхиттан құрлыққа 1 млрд т тұз тасымалданады. Қазақстан аумағын алатын болсақ тұздардың көп мөлшерде шоғырланатын аудандары Каспий теңізі маны ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір ойпаты аумағына жататын Солтүстік Қазақстан аудандары.
б) Жанартаулардың ықпалы. Жанартаулардың әрекеті салдарынан бөлінген газдарымен бұлардың құрамында күкірт, хлор қосылыстары ауаға шоғырланады. Бұл қосылыстар қоршаған ортаға араласқан сон сульфат және хлорид тұздарына айналады.
с) Өсімдіктер әсерінен топырақта тұздардың шоғырлануы. Қуан климат жағдайында өсімдіктердің органикалық қалдықтарының аэробты ыдырауы нәтижесінде жоғары мөлшерде жеңіл еритін тұздар шоғырланады. Мұнда тұздардың негізгі көзі жақын орналасқан минералданған ыза сулар болып табылады.
д) Жел арқылы тұздардың тасымалдануы. Тұзды көлдермен сорлардың таралған аймақтарында тұздар жел арқылы тасымалданады және топырақтың тұздалуына себеп болады, 1 км2 ауданға шамамен 2 ден 20 т-ға дейін тұз түсуі мүмкін (Кларк) .

Бұлар жазықтық белдеулердегі топырақ зоналарының барлығында кездеседі. ТМД елдерінде 52,3 млн. га немесе 2,4 %. Ал таза сорлар, сортаңдар 120 млн га, 70 %-ы Қазақстанда жайғасқан. Ал қалған 30% Батыс Сібірде, Орталық және Төменгі Еділ бойында, Украинаның оңтүстігінде, Орта Азия мен Кавказ алды тауларының Солтүстік-Шығысында кездеседі.


Топырақ асты, жер астындағы сулардың құрамындағы тұздар, олардың деңгейі көтерілгенде топыраққа сіңеді. Ал олар төмен қайтқанда, тұздар онда қалып қояды. Тіптен деңгейлері төмен түспеген күннің өзінде, сулары буланып, тұздардың топырақта концентрацилары молаяды. Мұндай жағдай егістікті бей-берекет суғарып, топырақ асты суларының деңгейі көтеріліп, тұздандырады. Мұны "екінші ретті тұздану" немесе "вторичное засоление" деп атайды.
Жер бетіндегі тұздар жел арқылы тұзданбаған топыраққа ауысады. Мұны "эолдық процесс" яғни "ауа арқылы тұздану" деп атайды.
Минералданған топырақ асты суларынан, тамыры арқылы сіңірген тұздар, өсімдіктердің қалдықтары шірігенде топырақта жиналады. Мысалы сексеуіл, бүйіргін, ала боталар осындай құбылыс береді. Қыраттар мен беткейлерден ғасырлар бойы жуылған еріген тұздар ойпаң жерлерге жиналып, шоғырланады, топырақтарына сіңеді.
Осы тұздану жолдарының нәтижесінде топырақта әр түрлі құрамдағы, құрлымдағы, қасиеттердегі топырақтар пайда болады. [6]

Тұзданған топырақтар және оны мелиорациялау


Тұзды және тұзданған топырақтар дегеніміз - құрамында өсімдікке уытты мөлшерде ерігіш тұздары бар топырақтар. Бұларға жататындар:
1. Сорлар;
2. Сортаңдар;
3. Шақаттар;
4. Тақырлар
Сорлар дегеніміз - құрлымының жоғарғы бетінен бастап, бүкіл пішіндік кескінінің құрамында ерігіш тұздардың белгілі бір мөлшерінің болуы. Олардың сандық, сапалық және химиялық құрамы әр түрлі болады. Мысалы: сорлардың жоғарғы қабаттарында 0,6-0,7ден бастап, 2-3%-ға дейін тұз мөлшерінің болуы.
Сортаңдар немесе солонцы дегеніміз - топырақтың иллювиальды В қабатындағы сіңіргіш кешенінде натрий, ал кейде магний катиондарының мол мөлшерде болатын топырақтар. Бұлардың сорлардан айырмашылығы - ерігіш тұздардың мол мөлшері топырақтың тереңдеу қабатында шоғырланған тектік қабаттары анық байқалады.
Шақат топырақ Қазақстанның орманды дала және дала аймағында көк теректі-қайыңды, талды шоқ тоғайлар өсетін ойпаттау жерлерде кездеседі.
Шақат - опырақтар гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтар қатарына жатады. Оның тік кескінінің генетикалық қабаттарға жіктелуі айқын байқалады. Ақ түсті шақат Ақабаты жақсы ажыратылады. Иллювальды В қабатында алмаспалы сіңген натрий иондары бар. Топырақтың астынғы қабаттарында карбонаттармен жеңіл еритін тұздар жиналған. [ 7]
Тақыр — шөл және шөлейт аймақтардағы сазды тау жыныстарынан тұратын, беті тегіс, қатты алқаптар. Ауданы бірнеше мг-ден 10—12 кмг-ге дейін болады. Көбінесе өсімдік өспейді. Көктемде қар еріген кезде немесе нөсер жаңбыр жауғанда тақырға қақ тұрады. Су буланып кеткеннен кейін түбі қатады да, тобарсып, көпбұрышты жарықшақтарға бөлініп-бөлініп кетеді. Тақыр Орта Азия мен Қазақстанда, әсіресе Үстірт пен Маңғыстауда  кең аумақты қамтиды. [ 8 ]
"Мелиорация" деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасында қолданылады.
Топырақты химиялық мелиорциялау-топырақты гипстеу.
Топырақты гипстеу-оның химиялық, физикалық және биологиялық қасиеттерін жақсарту үшін топыраққа гипсті енгізу. Бұл топырақтар сіңіргіш кешендегі натрий құрамының жоғары болуымен және топырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясымен сипатталады,бұл тұзды топырақтың қолайсыз физикалық, физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерін және құнарлылығының төмендігін негіздейді. Химиялық мелиорацияда сортаң топырағының қажеттілігін есептеу негізінде топырақ сіңіру кешенінің кальциймен қанығу дәрежесі жатыр. Кальциймен қанығу дәрежесі бойынша солонцы қанықпаған кальциймен болады, онда сіңіру кешенінде ол 70% - дан аз және кальциймен қанықтырылған-сіңіру кешенінде оның құрамы катиондар сомасының 70% - ға жуығын құрайды.
Гипстеу сіңірудің жалпы сыйымдылығынан 10% - дан астам сіңірілген натрийден тұратын сортаңдар мен сортаң топырақты жақсарту үшін қажет.
Әлсіз сортаңды топырақты (натрий 10% - дан аз) агробиологиялық әдіспен-үш қабатты жыртуды қолдана отырып, қидың үлкен мөлшерін енгізе отырып, жоңышқа және басқа да дақылдарды себу арқылы жақсартады, олар топырақтың кальций тамырларына шоғырландырады. Кальций босатылады және натрий сіңіргіш кешенінен ығыстырады. Әсіресе суару кезінде бұл процесс тиімді. Қи мен минералды азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды енгізген кезде солонцтарды гипстеу тиімділігі айтарлықтай артады. Тұзды топыраққа арналған азотты тыңайтқыштардың ең жақсы түрі-аммоний сульфаты, ал фосфорлардан-қарапайым суперфосфат. Гипстің әсерінен сортаңдарды жылдам мелиорациялаудың маңызды шарты топырақтың жеткілікті ылғалдылығы болып табылады. Гипстің үлкен дозалары әдетте 2-3 жыл бойы біртіндеп енгізіледі. [9]
Екінші әдіс "сортаңдардың өзін-өзі мелиорациялау" деп аталады. Мұның мәні - сортаңды қабаттың астында Ca мол қабат болады. Соны арнаулы техника арқылы қопарып, сортаңды қабатпен араластырады. Жауын-шашынның сулары арқылы реакция жүріп, Na ығысып, төмен қарай жуылып кетеді.
Үшіншісі "фитомелиорация" деп аталады. Сортаңдарға төзімді өсімдіктерді егіп, олардың тамырлары сортаңды қабатқа біртіндеп еніп, сағызданып жатқан бұзады, ыдыратады. Ал тамырдың тірі кезінде бөлінген қышқылды заттар, олардың қалдақтары шірігенде пайда болған фульва, гуминь қышқылдары топырақтағы ерітіндісінің сілтілігін бейтараптандырады. [10]



Қорытынды
Қорыта айтқанда,Қазақстан жерінде түрлі топырақтар таралған.  Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген. Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес,сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.Сол себепті елімізде топырақты мелиорациялау жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет