Алматы, 2023 Эссе


-ТҰЖЫРЫМ: аргументті эссенің мәтіні



бет5/9
Дата29.09.2023
өлшемі347,17 Kb.
#111690
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-ТҰЖЫРЫМ: аргументті эссенің мәтіні:


  1. автордың сыни тұрғыдан ойлауын көрсете алуы тиіс, яғни өз қөзқарасын дәлелмелелер түрінде (аргументтер мен фактілер арқылы) көрсетуі керек, сондай-ақ әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар мәселелерге

өзіндік шешім айта алуы керек;


  1. нақты мәтін құрылымы болуы керек: кіріспе, негізгі бөлім,қорытынды;
  2. эссе бөліктері мазмұн және құрылым талаптарына жауап беруі тиіс.




Аргументті эссені жазудың алгоритмі қандай?

Аргументті эссенің талаптарына сәйкес, тақырып анықталғаннан кейін эссені қалай бастау керек деген мәселеге тоқталайық. Эссе жазу белгілі бір алгоритмнен (кейбір нәтижеге жетуге арналған әрекеттер ретін сипаттайтын нұсқаулықтар жинағы) тұрады:




1-сурет Эссемен жұмыс жасау алгоритмі

Көріп тұрғанымыздай, бұл алгоритм ешқашан бұзылмайды: автор әрбір эссе жазған сайын осы алгоритмге сүйенеді, сондықтан уақыт өте келе авторүшін эссе жазу жағымды әсер қалдыратын болады.


Эссе жазу процесі жоспарлы түрде жүзеге асады (жоспарға бағынады, немесе жоспарлауды қажет етеді): әрбір нақты қадам сайын автор белгілі бірнәтижеге қол жеткізеді.
Эссе тақырыбын қалай дұрыс таңдау керек?
Бұл алгоритмдегі ең бірінші қадам – тақырып таңдау.
Эссе тақырыбы дегеніміз не ? Бұл – автор үшін төмендегі сұрақтарға жауап беруді талап ететін эссе атауы:
Бұл не нәрсе?
Бұл қандай салаға қатысты? Бұл тақырып туралы не білемін?
Бұл тақырып бойынша ақпаратты қайдан таба аламын?

Эссе жазу барысында сөздіктер мен анықтамаларды пайдалану ұсынылады. Сөздіктерде сөздер мен терминдердің мағынасын нақтылау қажет, ал орфография және пунктуация бойынша анықтамалардан мәтіндегі


тыныс белгілердің дұрыс қойылуы мен сөздердің дұрыс жазылу ретін нақтылау алу керек. Мәтінмен жұмыс оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыруға, логикалық қабілеті мен таным көкжиегінің кеңіюіне, соның негізінде сөздік қорының толығуына көмектеседі.
Тұжырымдаманы (эссе тақырыбын) талдау тақырыптың қай салаға (жеке, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни т.б.) жататындығын анықтау алу үшін қажет. Нақтылыққа жету үшін эссе авторы қолданылатын сөздер мен түсініктердің анықтамасын ажырату қажет.
Эссе авторы ойын (мәселені) нақтылау үшін өзіне бірнеше сұрақ қояды:
Мен осы мәселе туралы не білемін? Ол мәселе қандай салаға жатады?
Осы мәселе туралы мәліметтерді қайдан таба аламын?
Осылайша, біз эссе қолданатын ақпараттарымызды бір жүйеге келтіреміз, яғни оны жинақтап, сыни тұрғыдан бағалаймыз.
Мысалдарды түрлі ақпарат көздерінен іздеуге болады. мәселен, интернетте автордың идеясымен сәйкес келетін мәтіндер болуы мүмкін. эссе жазу барысында автордың осы мәлелені қалай шешу жөніндегі өзіндік жеке пікірі мағызды, соның негізінде ол мәселені шешудің мүмкін болатын жолдарын көрсете алады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет