Алматы қаласы, Алатау ауданы, Зерделі ықшам ауданы


Мектеп директоры: Нұрғазы А.Б



бет3/4
Дата25.04.2023
өлшемі32,84 Kb.
#86801
1   2   3   4
Мектеп директоры: Нұрғазы А.Б


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Менғали Н.Т


Тәлімгер: Мамырбаева А.Ж
Сынып жетекшісі: Амреева Л. Ж.
Алматы қаласы, Алатау ауданы,
Зерделі ықшам ауданы
№182 жалпы білім беретін мектептен
информатика пәні мұғалімі
Мамырбаева Арманнан
педагогикалық практика өтуші
1-курс студенті
Жанкарашева Гулдераим Шыктыбаевнаға
Мінездеме

Практика барысында Гулдераим өзiнiң барлық бiлгенiн оқушыларға үйретіп, оқушыларға жан-жақтан ақпарат алу көздерін айтып түсiндiрдi, сонымен қатар информатика пәнінiң қыр-сырын үйрету негiзiнде ашық сабактар өткiздi. Гулдераим педогогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады, бiр күн де қалмай практикаға қатысты. Гулдераим ешқашан сабақ өтуден қысылған емес, керiсiнше мұғалімдерге сабақ жүргiзгiсi келетінін айтып өткiзiп жүретiн. Оқушылармен де тез тіл табысып, олардың көңiл-күйiне қарап, кейде сабақ үстiнде көп ойындар ойнатып, оқушыларды қызықтырып отырды. Оның сабактарда пайдаланған көрнекiлiктерi барлық әдiстемелiк эстетикалық талаптарға сай жасалып, қажеттi дәрежеде қолдана бiлдi. Қоғамдык iс-шараға да жақсы ат салысты. Өзiнiң университет қабырғасында алған теориялық бiлiмдерiн практика жүзiнде шыңдай бiлдi. Сонымен қатар оқушыларға қосымша сабақ ұйымдастырды.


Гулдераим информатика пәнінен ашық сабақты жоғары деңгейде өткiздi, көптеген жаңа платформаларды (Wordwall, Easy test maker) қолданды. Сабақтың әр кезiнде көрнектiлiктердi дұрыс қолдана білді. Сабақ барысында бағалау критерийлерімен және дескрипторлармен жұмыс жасауға назар аударды. Сабақта оқушылармен жеке,топтық, жұптық жұмыс түрлерін жасай біледі. Әсіресе бекіту кезеңінде балалардың бiлiмiн пысықтаған кезде дидактикалық ойынды ұтымды пайдалана білді. Сабактың осы кезiнде оқушылар сабақ бойына алған білімдерін көрсетті. Келешекте Гулдераим болашағы зор, жұмысы жемiстi болатынына, өз жұмысын жақсы атқаратын жақсы мұғалім болатынына сенiмдiмiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет