44
Кез келген энергияны үнемдеу өндірістік процестерде энергия
пайдалануды талдаудан басталады. Мұндай талдаудың басты көрсеткіші –
қондырғылардың
ПӘК-і,
олардағы
энергияны
тиімді
пайдалану
коэффицииенті және өнім бірлігіндегі энергияның меншікті шығыны.
Кәсіпорында ресурсты үнемдеу бойынша жұмыс келесі бағыттарда
жүргізіледі:
- жабдықты ауыстыру (техникамен қайта қаруландыру);
- жабдықты жаңарту;
- қолданыстағы жабдықтың жүктемесін арттыру (интенсификация);
- энергия шығындарын азайту үшін қосымша құрылғыларды енгізу;
- жабдықтың жұмыс параметрлерін өзгерту;
- энергияны қайта пайдалану (егер технологиялық процесс рұқсат етсе);
- апаттарды талдау және жаңа апаттардың алдын алу.
Барлық аталған іс-шаралар оларды енгізудің
экономикалық тиімділігін
көрсететін экономикалық негіздемесіне ие болуы тиіс.
Экономикалық тиімділік (Э) қосымша капитал салымдарын (К) және
энергия үнемдеу жүйесіндегі тоқтап қалулар (О) ағынында түзетілген энергия
көзіндегі үзілістерден туындайтын залалдың (У) алдын алатын өлшемі бар
пайдалану бойынша қосымша шығындарды (И) салыстырумен анықталады:
И)
К
(Е
-
·О
н
У
Э
,
(7.1)
мұндағы Е
н
– 0,15-ке тең экономикалық тиімділіктің коэффициент.
Энергия үнемдеу саясаты қосымша пайда алу және өнімнің бәсеке
қабілеттігін арттырудың экономикалық тетігіне айналуы мүмкін.
Кәсіпорындағы экономикалық жұмыстың негізгі бөлігі шығындары
есептеу
болып табылады, себебі ол мақсатты нәтиженің пайда болу
себептерінің экономикалық себептерін анықтау үшін қажет, осылайша
басқару шешімдерін қабылдаудың алғышарттары белгіленеді.
Жүйеде шығындарды жасауды басқаруды іс жүзінде қолдану үшін
шығындардың элеметтері және салалары бойынша жіктелімін қолданған жөн.
Өнеркәсіптің барлық салаларының кәсіпорындары үшін өндірістегі
экономикалық элементтері бойынша
шығындардың келесі міндетті
номенклатурасы бекітілген:
- материалдық шығындар (қайтарылатын шығындарды шегергендегі);
- еңбекақыны төлеу шығындары;
- әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
- негізгі қорлардың амортизациясы;
- басқа да шығындар.
Энергошаруашылықты құруға кететін шығындарды анықтау үшін
жылдық смета дайындалады. Жылдық сметаны дайындау үшін штаттық кесте,
тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық қызметақылар және қолданыстағы
еңбекақы
төлемі,
жөндеу-эксплуатациялық
қажеттіліктер
үшін
45
материалдардың және запасталған бөлшектердің шығындары (ӨӨҚ
кестесі
бойынша), көлік құралдарын пайдалануға кеткен шығындар, амортизациялық
аударымдар және басқа да шығындар пайдаланылады. Тиісті агрегаттармен
электр энергиясын өндіріп шығаруға кететін шығындар өндірістің сәйкес
салаларына немесе энергошаруашылықтың жалпы өндірістік шығындарына
жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: