Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы мектеп-гимназияның ашылу салтанатының сценарийі Өткізілетін орны: Қаскелең қаласы Өтетін мерзімі: 023 жыл қыркүйек ««Мектеп – мейірбандық мекені»



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі21,66 Kb.
#119770
түріСценарий
1   2   3
1-жүргізуші:
Қандай ғажап, караңыз жан-жағына,
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда.
Бүлдіршіннен бақытты жан бар ма екен,
Қол жеткізген аңсаған арманына.

Биыл жаңадан ашылып отырған білім ошағының табалдырығын ........ бүлдіршініміз аттағалы отыр. Осы мектепке алғаш қадам басқалы отырған жас бүлдіршіндеріміз білімді де саналы ұрпақ болып тәрбиеленіп, Тәуелсіз елдің мақтан тұтар азаматтары болатынына біз сенімдіміз.


2-жүргізуші:
Алдымызда болашаққа тартар жол
Білім үшін күрескенде қамқор бол.
Сенгендері сендерсіңдер, бүлдіршін
Еліңе сен, қыран құстай қамқор бол! –деп, жаңа мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
1 «А» сыныбы. Сыныпта 25 оқушы бар. Сынып жетекшісі............................. Алғаш мектеп партасына отырғалы отырған білімге құштар балаларымызға құрмет көрсетейік. Қадамдарыңыз сәтті болсын.
1-жүргізуші:
1 «Ә» сыныбы. Сыныпта 25 оқушы бар. Сынып жетекшісі ............................... Құрметті бүлдіршіндер, алғаш аттағалы отырған қадамдарың құтты болсын. Жақсы оқып, үлкен азамат болыңдар.
2-жүргізуші:
1 «Б» сыныбы. Сыныпта 25 оқушы бар.Сынып жетекшісі ................................ Алғаш хат танып, ең үлгілі оқушы болады деп үміт артамыз. Ел болашағының іргелі болуына болашақта бүгінгі ұрпақтардың өз үлесін қосатынына сеніміміз мол. Алғаш аттаған қадамдарың сәтті болсын!
1-жүргізуші:
Ұстаз білім беретін ғажап адам,
Үйреткенін ешқашан санамаған.
Жас ұрпақты тәрбиелеп оқытудан,
Жан ұшырып, бар білімін саралаған.
2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата –аналар, оқушылар бүгінгі мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерімізбен алғашқы ұстаздарына қошемет көрсетейік.
1-жүргізуші:
Әнұраным көгімде шарықтасын,
Көгілдір ту қиялда қалықтасын,
Әлем танып білетін Елтаңбамды,
Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.


2-жүргізуші:
Бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып, жаңа білім ордасының ашылу салтанатын ашық деп жариялаймыз!
· (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады).
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Алғашқы құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымыз ............................................................................беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет