114
туынды түбір түрінде қолданылады. Ал ілкі түбірлер тілімізде мағынасы
күңгірттенген, жеке-дара қолданыла бермейтін, дыбыстық өзгерістерге
көп ұшырайтын, т.б. құбылыстарға көп душар болатын элементтер
ретінде сөз құрамында көбіне “
жасырын” күйінде тұрады.
Осы тұрғыдан қазақ тілін этимологиялық тұрғыдан пайымдап
қарайтын болсақ, түбір сөздердің бəрі бірдей, мағынасы өте кең, жеке-
дара қолданылатын элементтер емес. Біздің пайымдауымыз бойынша,
“түбір”, “түбір сөз” деп аталатын элементтердің барлығы – тіл-тілдің
бəрінде де оның даму, қалыптасу тарихымен бірге ең көне замандарда
шыққан жəне əрбір тілдік ортада тілдің ішкі даму заңдылығы мен тілден
тыс себептерге байланысты өзгеріп, қалыптасып, дамып, өзгеріп келген
құбылыс.
Бұл өзгерістердің барлығы – тілдердің тұрақтанған бүгінгі қалпын-
да əлі де сақталып келе жатқан құбылыс. Осыған байланысты қазақ
тіліндегі барша түбір сөздерді ең алдымен төрт түрлі топқа бөліп қарау-
ға болады:
Достарыңызбен бөлісу: