Алшинбаева жулдыз куанышевна



бет6/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Зерттеу нысаны. Көркем мәтіндегі этномәдени сипатқа ие фразеологизмдер.
Зерттеу пәні. Көркем мәтіндегі фразеологизмдер этномәдени семантикасының тіларалық берілуі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген диссертациялық жұмыстың мақсаты – көркем мәтіндегі фразеологизмдердің этномәдени семантикасын анықтау, оның тіларалық берілу амалдарын сараптау, аударма сапасын саралау және өзіндік ұсыныстар беру.
Осы мақсатқа орай төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
– көркем мәтіндегі фразеологизмдердің салғастырыла және аударматану тұрғысынан зерттелу тарихына шолу жасау;
– түпнұсқа мәтіндегі фразеологизмдердің этномәдени семантикасын анықтау және оның аудармада берілуін сараптау;
аударма нормасын, стратегияларын, аударма үдерісінің модельдерін анықтау, этномәдени семантикалы фразеологизмдерді аударудың стратегияларын ұсыну;
– этномәдени семантикалы фразеологизмдерді аудару барысында орын алатын симметрия және асимметрия белгілерін, олардың түрлерін анықтау;
– этномәдени семантикалы фразеологизмдерді аудару барысында жіберілген кемшіліктерді анықтау және өзіндік ұсыныстар беру;
– Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарындағы «Аударма ісі» мамандығының білім алушылары арасында сауалнама жүргізу, нәтижелерін сараптау және фразеологизмдерді аударуға қатысты ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының дереккөзі. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, оның орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармалары, фразеологиялық, этимологиялық сөздіктер, энциклопедиялар.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Көркем мәтіндегі фразеологизмдердің этномәдени семантикасын анықтау және оның тіларалық берілу амалдарын талдау барысында В. Маслова, В.М. Мокиенко, Л. Венути, Ф.Д. Шлейермахер, В.Н. Телия, И.В. Зыкова, Г. Хухуни, В.В. Сдобников, Г. Тури, П. Ньюмарк, Р. Белл т.б. және отандық тіл біліміндегі І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Р. Сыздық, М.М. Копыленко, Ө. Айтбаев, С.Е. Исабеков, Н. Уәли, М.Т. Сабитова, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, С. Сәтенова, Ш. Сейітова, Г. Сағидолда, Б. Тілеубердиев т.б. сынды ғалымдардың зерттеулеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет