Дайындаған: Сүйіндікова Дильназ М.Әуезовтың «Абай жолы – роман-эпопеясы»



Pdf көрінісі
Дата27.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#129201
Байланысты:
Абай жолы



Дайындаған: Сүйіндікова Дильназ
М.Әуезовтың «Абай жолы – роман-эпопеясы»
әлем тілдерінде


Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы
қарсаңында жарық көрген «Абай
энциклопедиясында» М.Әуезовтың
«Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі
халықтарының 116 тіліне аударылған»
деген дерек бар.
 Түрік ғалымы Емел Аша 1997 жылы
жарық көрген «Мұхтар Омарханұлы
Әуезовтың «Абай жолы» романының
тәжірмелері және библиографиялық
көрсеткіштері» деген еңбегінде аталған
шығарманың орыс тілімен қоса 25 тілге
аударылғанын атап көрсетіп, тізімін
келтіреді . 


«Абай жолының» алғашқы аудармасы – әйгілі орыс жазушысы Леонид Соболевтің
аудармасы .Орыс тіліне жасалған аудармаға автордың өзі тікелей қатысып, шығарма
аудармашыларының әрқайсысымен жеке-жеке барынша ыждаһатты және мұхият
жұмыс жүргізді.
Орыс тілінде аударылған «Абай жолы» эпопеясы іле-шала барлық
туысқан республикалардың тілдеріне аударылды да, соңынан
неміс, ағылшын, француз, венгер, моңғол, чех, вьетнам, грек,
бельгия, румын, болгар, поляк
тағы басқа көптеген көптеген дүние
жүзі халықтарының тілдерінде басылып шықты.


«Абай жолы» эпопеясынан «Татьянаның сахарадағы әні» атты тарауы 1946
жылы Мырзакалон Исмайили аудармасында өзбек оқырмандарына
жеткен болса, 50—60-жылдары «Абай жолы» монументалды эпопеяның төрт
томы, өзбек қызы Зұмыраттың аудармасында өзбек оқырмандарын тапты.
Романның қазақ тілінен тікелей басқа тілдерге аударылғаны
саусақпен санарлық қана. Соның бірі – оның түркі тіліне
аударылуы. Түпнұсқадан тәржімалаған ұлты қазақ Түркия
ғалымы 
Зейнеш Исмайл мен Ахмет Гүнгөр
.
Қазақшадан түрікшеге аударылған «Абай жолы» романының
сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы түгелдей өз
бітімін сақтаған.


«Абай жол» эпопеясының қытай тіліне аударған –ҚХР қоғамдық
ғалымдар академиясына қарасты Ұлттар әдебиеті ғылыми-зерттеу
институтының қызметкері, белгілі қытай ғалымы Хабай мырза мен
оның зайыбы Гао Шуньфан ханым. Ол өзінің бүкіл өмірін осы Абай
шығармаларын зерттеп, қытай тіліне аударуға арнап келеді.
Кезінде қазақ өмірінің эциклопедиясы саналған, ал қытай тіліне
аударғанда 1,4 миллион иероглиф таңбасы қолданылған бұл
ұланғайыр еңбек қытай халқының Абай мұрасымен, қазақ халқының
өткен тарихы мен етене танысуына, ақын шығармашылығын ғылыми
тұрғыдан тереңірек зерттеп беруге, ең бастысы, екі халықтың бүгінігі
қарым-қатынасына мықты дәнекер болады.


Қытай қазақтары «Абай жолы» роман-эпопеясын тұңғыш рет 80
сағаттан тұратын аудиокітап қылып шығарылды.
Абай жолы» роман-эпопея аудиокітабы екі бөлімнен тұрады. «Анық
Абай» деп аталатын бірінші бөлімі (14 деректі фильм)
Ал екінші бөлім «Абай жолы» роман-эпопеясының толық нұсқасы
бойынша дайындалып, Шыңжаң халық радиосында дыбысқа
салынып, Бейжіңдегі ұлттар дыбыс-кескін баспасында басылып,
таратылған.


Назарларыңызға
рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет