Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы


Сауда мәдениетін сақтау- басты талап



бет5/5
Дата05.12.2023
өлшемі183,12 Kb.
#134373
1   2   3   4   5
Сауда мәдениетін сақтау- басты талап
Жаһанданудың әсерімен дүкендерді алуан түрлі тауар жаулаған қазіргі таңда әрбір тұтынушы сауда мәдениетін, өз құқығын білуі керек. Өйткені әр адам күнделікті тіршілігіне керек дүниені алу үшін сауда орындарына: әртүрлі дүкендерге, дүңгіршектерге, супермаркеттерге, алуан түрлі сауда үйлеріне, базарларға барады. Қалауы мен қалтасына қарай сауда жасайды.
Үлкен жерлерде сауда мәдениеті қалай сақталады? «Сауда мәдениеті тұтынушы мен сатушы, яғни сатып алушы адам мен кәсіпкерге ғана қатысты» деп ойласаңыз, қателесесіз. Сауда мәдениеті адамдар арасындағы алтын көпір сияқты. Сауда мәдениеті материалдық, рухани тұрғыдан тазалықты, ұқыптылықты, адалдықты қажет етеді. Ол үшін сауда қызметкері де, тұтынушы да өз құқығын толық әрі сауатты меңгеруі керек.
« ҚР тұтынушы құқықтарын қорғау туралы заң» талаптарын екі жақ та біліп, сақтауы керек. Кейбір дүкендерде «тауар қайтарылмайды» деген жазу іліп қояды. Бұл заңсыз. Қандай да сауда орны болса да, тұтынушыдан түскен арыз-шағымды қарауы тиіс. Олар тұтынушы талабы әрқашан дұрыс» принципін ұстануы қажет. Әрбір кәсіп иесі сауда мәдениетін неғұрлым биік ұстаса, еңбек өнімділігі де соғұрлым арта түспек. Бірақ бұл «Тұтынушы бәріне ерікті екен» деген сөз емес. Сауда қызметкерлеріне жөнсіз тиісу, ретсіз талап қою, заңсыз ақшалай өтемақы сұрау -ерсі қылық. Бұл тұтынушының әдебі мен сауаты төмен екенін білдіреді. Сол себепті әр адам өзінің міндеті мен құқығын білуі тиіс.
https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tilbayraq102
3 қосымша
Видеоматериалға сілтеме https://youtu.be/RXteLPN-ESI
4 қосымша

https://clck.ru/34THYd
https://clck.ru/34THZP

clck.ru/34THaz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет