9-сынып. 4-тоқсан. Бжб. Құқық негіздері. Қазақтың қандай ойшылдары өз еңбектерінде азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет идеялары туралы айтқан?



Дата19.05.2023
өлшемі36,31 Kb.
#94713


9-сынып. 4-тоқсан. БЖБ . Құқық негіздері .
1.Қазақтың қандай ойшылдары өз еңбектерінде азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет идеялары туралы айтқан?

  1. Шоқан, Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев.

  2. Абай, Шәкәрім, Ә.Бөкейханов.

  3. Абылай, Тәуке, Кенесары хандар.

  4. Ыбырай, М.Шоқай , А.Байтұрсынов.



2. ҚР-да «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заң қабылданды -



  1. 2009 ж. 4 мамыр

  2. 2011 ж. 4 мамыр

  3. 2012 ж. 4 мамыр

  4. 2010 ж. 4 мамыр

3. Сатушы сатуға, ал тұтынушы тауарды немесе қызметті төлеуге келіскен кезде, тараптар арасында жасалады -

  1. Келісімшарт

  2. Мәміле

  3. Қолхат

  4. Ережг

4.«Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңның 42-бабына сәйкес сотта қарауға жіберетін талап-арыздарға мемлекеттік қандай салық салынбайды?



  1. Пайда

  2. Зекет

  3. Кіріс

  4. Баж



5. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңның 30-бабының 1-тармағында көрсетілген қандай тауарлардың бірі қайтаруға жатпайды?



  1. Кеңселік бұйымдар

  2. Жиһаздық бұйымдар.

  3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар.

  4. Аяқ киімдер мен сырт киімдер



6. Ізгілікте, әділдікте жататын санат

  1. Моральдық-құқықтық

  2. Әлеуметтік- құқықтық

  3. Түсіністік пен махаббат

  4. Толерантты- этикалық

7.Жазаның әділетті болуын және жаза адамға азап шектірмей, жанын ауыртатын қатал болмауын қарайтын мәселе –

  1. Қылмыстық жаза мәселесі

  2. Азаматтық қоғам мәселесі

  3. Ізгілік-гуманизм мәселесі

  4. Құқықтық-міндет мәселесі



8.Құқықбұзушылық пен қылмыс жасағанда құқықтары ерекше қорғалатын тұлғалардың бірін ата –



  1. Әскери адамдардың.

  2. Ғылымда еңбек сіңіргендердің

  3. Кәмелетке толмағандардың.

  4. Биліктегі лауазымды тұлғалардың.

9.Құқықбұзушылық пен қылмыс жасағанда құқықтары ерекше қорғалатын тұлғалардың бірін ата –

  1. Мемлекет пен қоғам дамуына үлес қосқандардың

  2. Әлеуметтік жағдайлары төмен адамдардың

  3. Спорт чемпиондарының

  4. Аяғы ауыр немесе жас балалары бар әйелдердің

10.Құқықбұзушылықтың жекеленген субьектілеріне жасалған жеңілдіктер, кешірім жасауды қолданудан көрінеді-



  1. Мораль

  2. Гуманизм

  3. Амнистия

  4. Демократия



11.ҚР Конституциясының 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп тұжырымдалған –



  1. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

  2. Мемлекеттің Конституциясы.

  3. Пайдалы қазбалары мен табиғаты.

  4. Адам, оның білімі мен мәдениеті.



12. Мемлекетке адамның қауіпсіздігін сақтау, жеке тұлға мен қоғамның мүдделерін қорғау жөнінде талап қою аталады –



  1. Азамат құқығын қорғау- деп.

  2. Құқықтық мемлекет негізі - деп.

  3. Отбасы құндылығы - деп.

  4. Ізгілік қағидаты- деп.



13.Ізгілік идеясы ҚР-ның қандай кодексінде көрініс тапқан?



  1. Қылмыстық Кодексінде

  2. Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінде

  3. Азаматтық Кодексінде

  4. ЕңбекКодексінде



14.Азаматтыққоғамныңбастыидеясы –

  1. Азаматтардың, ұйымдардың, институттардың тәуелсіздігі мен еркіндігі.

  2. Жеке тұлғалар мен топтардың мүддесін қанағаттандыру.

  3. Азаматтардың құқықтағы міндеттемелері мен жауапкершілігін арттыру.

  4. Адам құқығы мен бостандығы, билікті бөлу, заң үстемдігі.



15. «Азаматтық қоғам» ұғымын өткен заманның қандай ойшылдары қалыптастырды?



  1. Аристотель, Цицерон, Г.Гроций

  2. Анахарсис, Цыма Цянь, Конфуций

  3. А.Македонский, Ю.Цезарь, Томирис

  4. Леонардо да Винчи, Микеланджелло, Рафэль Санти




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет