«Бір» дегенде бірінші биші алға
еңкейіп,
екінші
бишіні
арқасына
көтереді.
«Екі» дегенде бірінші биші денесін
тіктеп, екінші бишіні орнына қояды.
«Үш» дегенде екінші биші алға
еңкейіп, бірінші бишіні арқасына көтереді.
«Төрт» дегенде екінші биші денесін көтеріп тік тұрады.
Аударыспақ
Дайындық тұсында екі биші
бір-біріне
қарсы
қарап,
қолдарымен қамшының сабынан
ұстасып тұрады.
1-такт
«Бір»
дегенде
қамшыны
ұстасқан бишілер күш сынасып,
денелерін оңға иеді. «Екі» дегенде
денелерін солға иеді.
«Үш» дегенде екеуі де оңға бір
адым басады.
«Төрт» дегенде солға бір адым басады.
2-такт
Екі биші қамшыны ұстаған бойы айналып орын
ауыстырады,одан соң қайта орындарына келеді.
24
1.2.4 Қазақтың ұлт ойындарынан туындайтын би
қимылдары
Қазақтың ұлт ойындарынан туындайтын би қимылдары;
күрес, атқа міну, ат шабыс І түрі, ат шабыс ІІ түрі, ат шабыс ІІІ
түрі, ат шабыс ІV түрі, ат шабыс V түрі.
Ат шабыс. І түрі
Бір орында, салмақ салынып тұрған
аяқтың ұшымен қайта-қайта көтеріліп,
екінші аяқты тізеден 90
0
бүге алға қарай
көтеру арқылы орындалады.
Ат шабыс. ІІ түрі
Бір орында тұрып, өкшенің ішкі
жағына дейін тізе бүгу кезінде екі аяқты
алмакезек
ілгері
созу
арқылы
орындалады.
|