Амреева Т. М. Шара жиенқҰлованың би мектебін үйрену әдісі 5В040900 Хореография мамандығы студенттеріне арналған



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата27.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#63268
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Amreeva T.M. Shara Jienqulovanyn bi mektebin uireny adisi 2017

 
Тақия 
«Бір» дегенде сол қолын көкірек тұсына 
иіп, алақанын жоғары қаратады да, ортаңғы 
саусағы мен бас бармағын түйістіреді.
«Екі» дегенде де қолдың бас бармағы мен 
ортаңғы саусағын түйістіріп, түйіскен екі 
саусақпен қоса алақанын төңкеріп, қолдың екі 
түйіскен саусағын жоғары қаратады.
«Үш» дегенде оң қолдың түйіскен екі 
саусағын жоғары көтеріп төбесіне қояды. 
«Төрт» дегенде сол қолдың түйіскен екі 
саусағын оң қолының үстіне төңкере қояды. 


21 
1.2.3.Ерлердің іс-әрекетінен туындаған би қимылдары 
 
Ерлердің іс-әрекетінен туындайтын би қимылдары; ақын, 
қосаяқ, малдас құру, алтыбақан, бүркіт, теңселме, тізе бүгу, ақ 
сандық- көк сандық, тең арқалау, аударыспақ. 
 
Ақын 
Дайындық, аяқ 1-ші қалыпта, қолда 
домбыра. Қимылдың бірінші түрі. 
«Бір» дегенде екі тізені бүгіп, екі 
аяқтың ұшы қосылады да, өкшесін 
ажыратады.
«Екі» дегенде екі аяқтың ұшын 
ажыратып, өкшелерін қосады.
«Үш» дегенде оң аяқты тізеден бүгіп, 
өкшесін сол аяқтың тізесіне қояды
кеудені көтере ұстайды.
«Төрт» 
дегенде 
оң 
қолдың 
саусақтары мен домбыраның ішегін қағады.
 
Алтыбақан 
Аяқтың 
дайындығы 


ші 
қалыптағыдай. Екі қол кәдуілгі қалпында 
тұрады. 
«Бір» дегенде оң аяқтың өкшесімен 
оң қолды иық тұсына көтеріп, басты 
солға бұру керек.
«Екі» дегенде сол аяқтың өкшесін 
жоғары көтеріп, оң аяқтың өкшесін жерге 
түсіреді де, сол қолын жоғары, оң қолын 
төмен ауыстырады. Ал басын оңға 
бұрады.
«Үш» дегенде сол аяғының өкшесін жерге түсіріп, оң 
аяғының өкшесін көтереді. Содан соң оң қолын жоғары сол 
қолын төмен ұстап, басын оңға бұрады.
«Төрт» дегенде оң аяғының өкшесін көтеріп, сол аяғының 
өкшесін жерге түсіреді. Ал бұдан кейін сол қолын оң қолмен 


22 
төмен түсіріп, басын оң жаққа қарай бұрады. Бұл қимылдар 
алтыбақан тепкендегі көріністі елестетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет