Аналитикалық химия



бет17/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
2. NH4OH әсері.
Аммиак ерітіндісінің әсерінен сұр-жасыл түсті тұнба түзіледі:

Cr3+ + 3NH4OH = Cr(OH)3↓ + 3NH4+


Хром (ІІІ) гидроксиді аммиак ерітіндісінің артық мөлшерінде ериді:


Cr(OH)3 + 6NH4OH = Cr(NH3)6(OH)3 + 3NH4+


Бұл процесс қайтымды, сондықтан қыздырғанда, немесе сұйылтқанда тепе-теңдік солға қарай ығысады да, Cr(OH)3 тұрбаға түседі.
Реакцияның орындалуы: Ерітіндінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы NH4OH ерітіндісін қосады. Тұнбаны қыздырып көріңдер, не байқалады?
3. Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3 әсері.
Реагенттердің әсерінен гидроксид түзіледі, себебі бұл тұздар гидролиздену нәтижесінде ОН- түзіледі және ОН- иондарының концентрияциясы Cr(OH)3 түзілу үшін жеткілікті, сондықтан:

2CrCl3 + 3Na2CO3 + 3HOH = 2Cr(OH)3↓+ 6NaCl + 3CO2


2Cr3+ + 3CO32- + H2O = 2Cr(OH)3↓ + 3CO2


Реакцияның орындалуы: Ерітіндінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы Na2CO3 ерітіндісін қосып, не байқалатынын көру.
Үш валентті хромның (Cr3+) алты валентті (Cr6+) күйге дейін тотығу
реакциялары:
4. Cr3+ сілтілік ортада тотығуы.
Хром (ІІІ) алты валентті күйге сілтілік ортада Н2О2, Br2, PbO2, KMnO4 реагенттер көмегімен тотықтыруға болады:

2CrCl3 + 3H2O + 10NaOH = 2Na2CrO4 + 6NaCl + 8H2O


Cr3+ + 3H2O + 10OH- = CrO42- + 8H2O
Cr3+ + 3Br2 + 16OH- = CrO42- + 8H2O + 6Br-

Бұл кезде жасыл түсті ерітінді сары түске айналады. Реакция нәтижесінде түзілген CrO42- иондарын сірке қышқылы ортасында BaCl2 ерітіндісімен тексеруге болады.


CrO42- + Ba2+ = BaCrO4




Реакцияның орындалуы: Cr(III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 4-5 тамшы 2Н NaOH ерітіндісін түзілген тұнба толық ерігенше қосу қажет. Содан соң осы ерітіндіге 3-5 тамшы 3℅ H2O2 қосып, буландырғышта ерітіндінің түсі жасыл түстен сарыға айналғанша қыздырады.
5. Cr қышқылдық ортада тотықтыру.
Тотықтырғыш ретінде (NH4)2S2O8, KMnO ерітінділерін пайдалануға болады. Бұл кезде дихромат иондары түзіледі:

Cr2(SO4)3 + 3(NH4)2S2O8 + 7H2O = H2Cr2O7 + 3(NH4)2SO4 + 6H2SO4


Cr + 3S2O82- + 7H2O = Cr2O72- + 6 SO42- +14H+

Көбінесе катализатор ретінде AgNO3 қолданылады.


Реакцияның орындалуы: 5-6 тамшы (NH4)2S2O8 ерітіндісін пробиркаға құйып, осы ерітіндіге 1 тамшы H2SO4 және AgNO3 ерітінділерін қосады. Содан соң Cr2(SO4)3 ерітіндісін қосып, буландырғышта қыздырады, ерітіндінің түсінің өзгергенін байқау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет