АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ
(ХИМИЯЛЫҚ САПАЛЫҚ АНАЛИЗ) БОЙЫНША
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Химиялық зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелері
Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері
1. Топтың студенттері жиналғанша, кезекші студент лаборанттан зертхананы қабылдап алуы керек.
2. Студенттер зертханаға халаттарын киіп кіреді, сабаққа керек құжаттардан басқанын бәрін лаборант көрсеткен жерге қояды (сөмке, бас киім, т.б.)
3. Зертханалық жұмысты орындағанда студенттердің алдында керексіз заттар болмау керек, төгілген сұйықтарды дереу сүртіп алып, жұмыс орнын таза ұстау керек. Жұмыс аяқталғанда орынды бастапқы ретіне келтіріп, су құбырының кранын жауып, аспаптарды тоқ көзінен алып, жарықты өшіру керек.
4. Реактивтердің сауыттарын тығындаулы күйде сақтап, тек қажетті кезінде ғана ашу керек және тығындарын ауыстыруға, артық алынған реактивті қайтадан сауытқа құюға болмайды, себебі реактив ластанып, пайдалануға жарамай қалуы мүмкін.
5. Құрғақ реактивтерді таза және құрғақ қалақшамен немесе пробиркамен алады.
6. Күміс, сынап, бром, йод бар керегі жоқ ерітінділерді арнаулы сауыттарға ғана төгуге болады.
7. Топ студенттері зертханадан кезекшінің рұқсатымен, ал кезекшілер лаборанттың рұқсатымен кетеді.
Сапалық анализде зертханалық жұмыстар техникасы
Химиялық сапалық анализде сапалық реакциялар жартылай микроанализ әдісімен жүргізіледі, тек кейде микрокристаллоскопиялық және тамшылық әдіспен жүргізіледі. Қолданылатын реактивтерің маркасы «хт» - химиялық таза немесе «аүт» - анализ үшін таза болуы керек. Реагенттерді көбінесе ерітінді түрінде пайдаланады. Оларды арнайы тамызғыш қақпағы бар сауыттарға (6.1 сурет) құйып, тасымалды штативте сақтайды (6.2 сурет).
Сапалық анализде көлемі 3-5 мл болатын кіші пробиркалар пайдаланады. Олардың екі түрі болады: цилиндр тәрізді және конус тәрізді немесе центрифугалық (6.3 сурет). Сапалық реакция жүргізу үшін 3-4 тамшы ион ерітіндісіне 3-4 тамшы реагент ерітіндісін қосады. Қоспаны анализдегенде ерітіндіден 5-6 тамшы алып, оған 3-4 тамшы реагент қосады.
|
|
|
а
|
б
|
в
|
6.1 сурет – Реагенттерге арналған сауыттар: а) тамызғыш-қақпағы пластик сауыт, б) пластик тамызғыш-қақпақ, в) пластик тамызғыш-қақпағы бар шыны сауыт
|
|
|
6.2 сурет – реагенттерге арналған тасымалды штативтер
|
|
|
|
а
|
б в
|
6.3 сурет – а – цилиндр тәрізді пробирка; б, в – конус тәрізді центрифугалық пробиркалар
|
Тұнбаны ерітіндіден бөліп алу үшін центрифугалау пайдаланады. Центрифуганың патронына тұнба мен ерітінді бар пробирканы орналастырады, қарама-қарсы патронына сондай көлемде су құйылған пробирка орналастырады.
Центрифуганың қақпаған жауып, тоққа қосады. Сонда үлкен жылдамдықпен айналу нәтижесінде тұнба пробирка түбіне жабысып қалады, үстіндегі ерітіндіні төгіп алуға болады. Егер бөлініп алынған тұнбаны анализдеу қажет болса, оны дистильденген сумен шайып, тағы да центрифугалау қажет
|
|
А
|
б
|
6.4 сурет – центрифуга: а – жабық түрінде; б – ашық түрінде
|
Достарыңызбен бөлісу: |