Аналитикалық химия



бет8/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
4. NH4OH әсері
Аммиак ерітіндісінің әсерінен гидроксид түзіледі, бірақ артық мөлшерінде ерімейді.

Pb(NO3) 2 + 2NH4 OH = Pb(OH)2 ↓ + 2 NH4NO3


Pb2+ + 2OH-= Pb(OH)2

Реакцияның орындалуы алдыңғы реакцияға ұқсас.


5. КI әсері
Калий йодидімен сары түсті тұнба түзеді:

Pb(NO3) 2 + 2KI = PbI2↓ + 2 KNO3


Pb2 + 2I- = PbI2

Калий йодидінің артық мөлшерінде мына теңдеу бойынша комплексті қосылыс түзеді:


PbI2 + 2KI = K2 [PbI4]

Қорғасын (II) йодидінің ерігіштігі жоғары (100 г суда 0,46 г ериді), сондықтан ыстық суда ериді, жылдам салқындатқанда алтын сары түсті ине тәрізді кристалдары бар тұнба түзіледі. Бұл қорғасын (II) катионының анықтау реакциясы. Ерітіндінің рН< 7 болуы тиіс.


Реакцияның орындалуы: Ерітіндінің 2-3 тамшысына сонша калий йодиді ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Осы пробиркаға 8-10 тамшы дистильденген ыстық су қосып, түнбаның ерігенін байқау. Пробирканы суытып қайта ине тәрізді алтын сары түсті кристалдардың түзілгенін көру.
6. K2CrO4 немесе K2Cr2O7 әсері.
Калий хроматы немесе дихроматы қорғасын (II) ионымен сары түсті тұнба түзеді:

Pb(NO3) 2 + K2CrO4 = PbCrO4 ↓ + 2KNO3


Pb2+ + CrO42- = PbCrO4

немесе


Pb(NO3) 2 + K2Cr2 O7 = PbCr2 O7↓ + 2KNO3
Pb2+ + Cr2O7 2- = PbCr2O7




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет