Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Айтгүл: Әй, білгіш. Кім айтты саған оны сұлу деп, кім айтты саны оны қыз деп. Ол-мұғалім. Иә жаңадан келген мұғалім. Қайыржан



бет2/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Айтгүл: Әй, білгіш. Кім айтты саған оны сұлу деп, кім айтты саны оны қыз деп. Ол-мұғалім. Иә жаңадан келген мұғалім.
Қайыржан: Қойшы-ей, жап-жас қой.
Сайра: Мұғалім болса қайдан жас болады, кәрі қыз шығар.
Қайыржан: осы екеуің жаңалықтың бәрін елден бұрын қалай біліп отырасыңдар?
Қанат: Бұл екеуі керек десең, ақыр заманның қай кезде болатынын да біледі. (осы кезде оқу меңгерушісі сыныпқа жас мұғалімді ертіп келеді.)
Директор: Сәлемәтсіңдар ма, балалар?
Оқушылар: Сәләмәтсіз бе?
Директор: Отырыңдар. Жаңа оқу жылдарың құтты болсын. Каникулда жақсы демалдыңдар ма. Биыл сендерге сабаққа ерекше күш салу қажет. Уақыт тез өтеді. Мемлекеттік емтихан тапсырасыңдар. Озат түлектер көбірк шықса, бәрімізге абырой. Балалар мектебімізге жас маман келді. Танысып қойыңдар. Аты-жөні Кәріпбаева Гүлзат Болатқызы.
Қанат: Қайыржан, жаңағы айтқан қызың осы ма?
Қайыржан: Иә.
Қанат: Мынауың кукла ғой. Қайтіп мұғалім болып жүр.
Директор: Бүгінгі күні еліміздің болашағы үшін, білім ордаларының өркендеуі үшін жас мамандар ауадай қажет. Бір жағы Гүлзат апайдарың бұл ауылға бөтен емес. Бұдан былай сынып жетекшілерің Гүлзат Болатқызы болады. Мынау сыныптың журналы. Жұмысыңызды бастай беріңіз. Түсінбеген сұрақтар болса, кабинетіме келіңіз(кетеді).
Гүлзат: Иә, қал-жағдайларың қалай?
Оқушылар: Өзіңіз қалайсыз? Апа, қай жақтан келдіңіз. Мұғалім, қай үйде тұрасыз? Апай, нешедесіз. Қайда оқыдыңыз? Апай... апай... Мұғалім... Мұғалім...
Гүлзат: Тыныш!
Оқушылар: жақсы ұрсады екенсіз. Даусыңыз әдемі екен. Жарасып тұр. Тағы да айқайлаңызшы. Апай, әдемі екенсіз. Сізді Үндістаннан келіпті дейді ғой. Апай, апай...
Қанат: ей, тыныш! (орнынан атып тұрады)
Айтгүл: Мынаны жын соғып қалған ба? Апай бұл Қанат деген ең бұзық оқушы. Директорға айтып қойыңыз.
Қайыржан: Мұғалім, Айтгүлге сенбеңіз. Ол біреумен ұрсыспаса, жүре алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет