Анатомия – 120 ом


Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі, бөліктері қабырғаларының құрылысы, қызметі



бет167/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   211
135. Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі, бөліктері қабырғаларының құрылысы, қызметі.

Жіңішке ішек-латынша ол intestinum tenue, ас қорыту жүйесі органдарының ішіндегі асқазан мен ток ішектің арасында орналасқан ең ұзын мүше болып есептеледі. Intestinum tenue ұзындығы шамамен екі жарым-төрт жарым метр болып келеді. Ерлерде әйелдерге қарағанда ұзындау, қайтыс болғандарда ұзындығы шамамен бес-алты метрге дейін жетеді.

Intestinum tenue топографиялық орналасуына және атқаратын кызметіне қарай: duodenum, jejunum және ileum ішектерге бөлінеді.

Duodenum немесе он екі елі ішек жіңішке ішектің бастапқы бөлігі болып табылады. Тірі адамдарда ұзындығы он жеті-жиырма бір см, мәйіттерде жиырма бес-отыз см. Топографиялық орналасуына қарай: жоғарғы, төмендеген, горизонталді және жоғарылаған бөліктерге бөлінеді. Duodenum сыртқы пішіні өзгермелі және қозғалмалы болып келуі сыртқы бетін жауып орналасқан фиксациялық ішастардың жалғамаларына және дамуына тәуелді. Он екі елі ішектің дамуына жэне орналасуына қарай 3 варианты ажыратылады:

«Situs inversus partialis duodeni»

«Duodenum mobile»

«Inversio duodeni»

Аш ішек пен мықын ішек, intestinum tenue mesenteriale, деп аталынады. Жіңішке ішектің бұл бөліктері, он екі елі ішек — аш ішек иілімі, flexura duodenojejunalis, мен мықын — соқыр ішектік бұрышына, angulus ileocaecale, дейінгі аралықта орналасқан. Ішастармен интраперитонеалді жабылған. Шажырқайлар, mesenterium, арқылы іш қуысының арткы қабырғасына барып бекітілген. Жіңішке ішектің аш бөлігі, jejunum, деп аталуы, тамақ копке дейін тұрақталмай мықын бөлігіне, ileum, өтіп, қалыпты жағдайда бос орналасуына байланысты.

Ileum немесе мықын ішек жамбас сүйектің мықын бөлігіне жақын орналасқан. Жіңішке ішектің аш бөлігі мен мықын бөлігінің аралық межелік шекарасы жоқ. Мыкын ішек жуан, шырышты қабығы қантамырлар мен лимфа тамырларына өте бай. Жіңішке ішектің шажырқайлы бөлігі немесе аш ішек пен мықын ішек іш қуысының, mesogastrium, мен hypogastrium, аймағында орналасқан.

Жіңішке ішек қабырғаларының кұрылысы.

-Шырышты кабығы, tunica mucosa, қандандырушы қантамырлардың қарқынды түрде орналасуына байланысты болып келеді, Duodenum пен Ileum шырышты қабығы бозғылт қызғылт болып келеді. Tunica mucosa қуысқа қараған беті бірқабатты цилиндр тәрізді эпителиймен қапталған. Tunica mucosa барқыттәрізді болып келуі, шырышты қабықтың бетінде орналасқан 30 млн villi intestinaleге байланысты.

Жәнеде, түрлі микробтарға қарсы күресу үшін он бес мыңдай лимфа түйіншелерінен тұрады:

- folliculi lymphatici solitarii

- folliculi lymphatici aggregati

Жіңішке ішектің қабырғалары

-Іntestinum tenueдің tela submucosa іркілденген дәнекер тіндерінен, қантамырлар мен лимфа капилярлар торларынан және ішектік бездерден тұрады.

- Іntestinum tenueдің tunica muscularis бойлық және дөңгелек орналасқан еріксіз, бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады.

-Жіңішке ішектің бөліктерінін қозғалысы, сыртқы беттерін жауып орналасқан ішастардың түр ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі және аш, мыкын ішек ішастармен интраперитонеалді, он екі елі ішектің қалған бөліктері экстраперитонеалді жағдайда орналасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет