Жіңішке және жуан ішектің гистологиясы
Аш ішек 3 бөлікке; он екі елі ішекке,ащы ішек, мықын ішектерге бөлінеді.
Құрылысы
Аш ішектің қабырғасы шырышты қабықшадан , шырыш асты негізден, бұлшық ет және сірлі қабықшалардан құралады.Ішек бүрлері және криптілер аш ішектің шырышты қабықшасының негізгі құрылымдық-қызметтік бірлігі болып табылады.
Ішек бүрлері- аш ішектің қуысына еркін шыға орналасқан,пішіндері саусақ немесе жапырақ тәрізді болатын ,аш ішектің шырышты қабықшасының өсінділері.Аш ішекте бүрлердің саны көп.
Ішек криптілері-шырышты қабықшаның меншікті табақшасында орналасқан көптеген түтікшелер түріндегі эпителийдің тереңдемелері болып келеді.
Аш ішектің шырышты қабықшасы бір қабатты бағаналық жиекшелі эпителийден, шырышты қабықшаның меншікті табақшасынан және шырышты қабықшаның бұлшық ет табақшасынан тұрады.
Аш ішектің эпителийлік қабатынығ құрамында бағаналық эпителиоциттердің, бокал тәрізді экзокриноциттердің ,Панет жасушаларының немесе ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттердің , эндокриноциттердің сонымен қатар микроқатпарлы эпителиоциттердің жасушалық дифферондарын ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |