Анатомия – 120 ом


Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері



бет201/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   211
169.Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері

Шәует шылбыры, funiculus spermaticus, аталык бездің ұмаға түсу процесінде пайда болады. Оның ұзындығы 15-20 см дөңгелек жіп, шап өзегінің терең сақинасынан аталық бездің жоғарғы жиегіне дейінгі аралықта орналасады. Шәует шылбырының қүрамына: шәует шығаратын түтік, ductus deferens, аталық без артериясы, шәует шығаратын түтік артериясы, сабакты веналық өрім, аталық без бен оның қосалқысының лимфа тамырлары және нервтері, және де қынаптық өсіндінің іздері (қалдықтары), vestigium processus vaginalis, кіреді.Шәует шылбырының негізгі құрамы шәует шығаратын түтік, және де қабықтармен қоршалған тамырлар мен нервтер, олар аталық бездің қабықтарына жалғасады. Шәует шығаратын түтікті, тамырлар мен нервтерді жабатын ең ішкі қабық ішкі шәует шандыры, fascia spermatica interna. Оның сыртында аталық безді көтеретін бұлшықет, т. cremaster, пен оның шандыры, fascia cremasterica, орналасқан. Шәует шылбырының ең сыртқы қабығы - сыртқы шәует шандыры, fascia spermatica externa.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет