3. ХХ ғасырдың басында Қазақстан жағдайы отарлау саясатының, езгінің күшеюімен, ұлт мәселесінің ширығуымен сипатталады [3, 5б].
4. 1900 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы саудадан орыс көпестері 9 млн рубль, арада 10 жыл өткенде 15,3 млн рубль түсім түсіріп тұрды [3,6б].
5. ХХ ғасырдың басында шетел капиталының Қазақстанға ағылуы күшейді. Ағылшын және француз өнеркәсіпшілері «Спасск мыс кеніші акционерлік қоғамының» иесіне айналды. 1913 жылы олар небәрі 14 мың рубльге Қарсақпай сайын жалға алып, зауыт салуға кірісті. Бұл қоғамдарға Спасск-Воскресенск кеніші және мыс балқыту зауытымен қоса Успенск кеніші, Саран-Қарағанды тас-көмір кәсіпшіліктері тиесілі болды [3, 6б].
6. 1913 жылы Қазақстан аумағындағы (Сырдария және Жетісу облыстарын қоспағанда) кәсіпорындар Ресей империясындағы кәсіпорындардың 3,76 %-ын құрады. Олардағы жұмысшылардың үлесі 1,78% болды. Бұл кәсіпорындар империяның ценздік өнеркәсібі өндіретін өнімдерінің 0,96%-ын ғана беріп тұрды [3, 6б].